Күні: Пән: Психология Тобы: қтә-9-21 Оқытушы



бет1/5
Дата04.10.2022
өлшемі90,61 Kb.
#151716
  1   2   3   4   5
Байланысты:
психология пәні лекц (2)
Национальные праздники разных стран

Күні:
Пән: Психология
Тобы: қтә-9-21
Оқытушы: Маженова С.С.
Тақырыбы: Психология және оның міндеттері, салалары
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
. Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет