Мәдениеті



бет2/3
Дата09.08.2022
өлшемі23,27 Kb.
#148019
1   2   3
Байланысты:
Кеңес үкіметінің модернизмнен бас тарту себептері

1. Трансцедентальды ақиқатты мойындамау ( Ақыл, сана, танымнан тыс нәрселерді, мысалы : Құдайды ойлап бас қатырмау. Олардың құдайды бүтіндей жоқ демесе де құдай туралы түсініктері тым күңгірт болған. Құдай дүниені жаратады, басқарады деген нәрселер ойларына кіріп шықпаған. Әйтеуір адамнан сәл артықшылығы бар Белсенді Сана (Активный Разум) деген құдай іспеттес бірдеңе болады деп пайымдаған.
Қорыта айтқанда олардың мәдениеті рационализмге сүйенген һәм эклектикалық (құранды) боп келеді. Негізгі философиялық ұстанымдары - эпикуришілдік яғни ішіп-жеп, ойнап-күліп, нәпсі қалауымен рахаттанып сибарит (жылы-жұмсақ, жайлы өмірді ұнататын тұлға) боп өмір сүру. Олар өмір сүруді - той тойлау деп түсінген. Олардың негізгі қалаулары: алтын-күміс әшекейлер, қымбат бағалы заттар, сұлу әйелдер, қызылды-жасылды торқа киімдер, салтанатты астаулары бар моншалар, арақ-шарап ішу, аңға шығу, философиямен айналысу, театр һәм гладиаторлар ойынын тамашалау т.б. Грек һәм Рим империялары негізінен еңбекпен емес, өзге елдерді жаулап, басып алумен дамып отырған. Сондықтан олар өздерінің рахат өмірлерінің бірден-бір көзі ретінде әскери күшті құдайдан кемге баламаған. Осы империялардың шат-шадыман өмірінің қалай біткені тарихтан белгілі.
4 ғасырдан бастап император Константин кезінен (б.э. 306 ж.) еуропа жеріне христиандық діні енді. Еуропа өзгеріске түсті. Ол біртұтас христиандық әлемге айналды. Христиандық әлем ақиқат дінмен шөлі қанғанша сусындаған жоқ. Христиандық дін о баста көпқұдайшылдықпен шатасты. Дінде жоқ монахтық пен шіркеу институттары яғни діни каста пайда болды. Інжіл (Библия) адам қолымен өзгертіліп, оның әр түрлі варианттары көбейді. Осының бәрі христиандық діннің қожырауына әкелді. Орта ғасырларда пайда болған ғылыми жаңалықтарға өзгеріске ұшыраған Інжіл сәйкес келмеді. Сөтіп христиандық дін мен жаратылыстану ғылымы қайшылыққа, артынан теке-тіреске түсті. Содан ғылымның, ақыл-ойдың дінге қарсы дұшпандық көтерілісі пайда болды. Қайта өрлеу, қайта тірілу немесе қайта ояну дәуірі (эпоха возрождения, ренессанс) дегендер осы кезде пайда болды. Қайта ояну батыс үшін шала діни ұйқыдан рационализмге қайта ояну болды. Сөтіп дінсіз, құдайсыз өркениетке жол ашылды. Өйткені христиандық дін мен ғылымның теке тіресінен батыстықтар ғылым дамуы үшін міндетті түрде дін жойылуы керек деген тарихи қате қорытынды шығарды. (Обскурантизм - білімге, ғылымға қарсылық) Содан қайта ояну яғни баяғы грек һәм римдік қоғамға жаңа ғылыми табыстармен еуропаның қайта оралуы жүзеге асты. Қайта ұйқыдан оянған еуропаның діні - гедонизм (рахатқа батып өмір сүру, бұл дағы сол эпикуризмнің өзі) болды. Білгірлердің айтуынша олардың шіркеулері: ірі зауыттар, кинотеатрлар, химиялық лабороториялар, түнгі клубтар, гидро электрстанциялар, ал поптары: банкирлер, инженерлер, кино, эстрада һәм спорт жұлдыздары, өндіріс алпауыттары, қаржы магнаттары болды (Грек, рим мәдениеттері жайлы мәліметтер Леки, Хаас, Дрэпер сынды ғалымдардан алынды). Яғни екі дүниежүзілік соғыстың ошағы болған, біртекті жыныстық қатынасты заңдастырған, пайызға негізделген экономикасы бар еуропаның бұрынғы һәм қазіргі хәлі бізге аян. Еуропа - созылмалы ауыр дертке ұшыраған өркениет. Модернизм - осы өркениет тудырған өнер түрі. Яғни біз аса қызығатын да, қатты қызғанатын да өнер емес. Модернизмнің түрткісі - философия. Еуропалықтар да бар өнердің түрткісі һәм ашытқысы ол философия болады. Өйткені оларда дін жоқ. (В Европе преобладает философское стремление, в Азии религиозное. Дрэпер).Сондықтан дін түрткі яки ашытқы бола алмайды. Модернизмге түрткі болған философияның аты - иррационализм (ақылға қонымсыздық). Қайта өрлеу дәуірінің түрткісі -рационализм (ақылға қонымдылық) болса, модернизмнің түрткісі - иррационализм болды. 15 ғасырдан рационализмге қатты ден қойған еуропа неге 19 ғасырдан бастап иррационализмге көшті? Өйткені олар құдай дәрежесіне жеткізген ақыл шын мәнінде өте керемет нәрсе болғанмен шектеулі ғана дүние-тін. Арада 3-4 ғасыр өткенде ақылды әбден сауған еуропа оның шектеулілігін, әлсіздігін, бір ғана ақылмен мына жаратылыс дүниені танып біле алмасына көздері жеткен кезде қатты торықты. Рас еуропа ақылмен Эйфел мұнарасын соқты, бумен жүретін паровоз, радио ойлап тапты. Сәл кейінірек ғарышқа ұшты, интернетті ойлап тауып, адам мүшелерін ауыстырып салуды меңгерді... Бірақ бір нәрсені түсінбей-ақ қойды. Осының бәрі не үшін? Адам не үшін өмір сүреді? Өмір деген не? Өлім деген не? Бұған өнер де, ғылым да жауап бере алмады. (Яғни адам аспанда ұшуды үйренгенмен, жерде қалай жүруді білмей-ақ қойды). Осы торығудан иррационализм пайда болды. Оның айтуынша: ақыл деген шынында қолынан түк келмейтін бейшара бір пақыр екен. Әйтпесе жаратылыс дүниенің, адамның не екенін түсіндіріп бермей ме? Сөйтіп артынан мынадай қорытындыға келді: әлем деген ешқандай заңдылық, реттілік, қандай да бір жүйе атаулы жоқ, бей-берекет сапырылысқан бір нәрсе. Яғни - хаос! Адам өмірі мағынасыз нәрсе. Абсурд. Олар осылай әлемнен (айдалада ақ отау, аузы, мұрны жоқ отау) бір соқыр күшті іздеп тапты. Сөйтіп ақылға жүгінген логикалық ойдан ештеңе шықпасын білген соң, ақиқатты түйсікке, (интуицияға) сүйенген логикасыз, бей-берекет ойлардан, сезімдерден іздеді. Яғни бей-берекет дүниені, бей-берекет ойлар, сезімдер арқылы тануға болады деп шешті. Содан адам бойындағы һәм ойындағы құжынаған, бытысқан ойлар мен сезімдерді іріктемей, жүйелемей, қайта сол таз қалпында шашауын шығармай қағазға түсірсе - адам өмірінің болмысын, ақиқатын ашып көрсететін нағыз өнер түрі сол десті. Людвиг Бьерн деген 1923 жылы «Искусство стать в три дня оригинальным писателем» деген мақаласында былай дейді: «Возьмите лист бумаги и записывайте три дня подряд без фальши и льстивости все, что вам придет в голову. Пишите все, о Гете, о криминальном процессе Фукса, о дне великого суда, о ваших начальниках - и по прошествии трех дней вы будете страшно поражены и удивлены своими новыми невероятными мыслями. Вот оно искусство стать в три дня оригинальным писателем!». Өткен ғасырда жұрттың бәрін шулатып жүрген impression немесе психоаналитикалық техника деген осы. Профессор Е.Ысмайлов модернизм туралы: «Бұлар реалды өмірді танымайды, бұларға негізгі объект, негізгі тақырып қайғы, мистикалы қиял, сезім, ой дүниесі. Бүкіл әлемнің шындығын жеке адамның ойына әкеліп сыйғызбақ болады. Бұлар философиядағы силопсизимге, дүниеде «мен» ғана бармын, қалғанның бәрі, басқа адамдар да сезуімнің жемісі, «мен» менің себепсіз сезуім - бұл шындық өмір дегенге келіп қолын береді. Өмірді ойымызда бұзып, жасап ала береміз деген силопсизимнің теориясы Вайлдтің «искусство өмірді өзі жасайды» деген пікірімен қабысып жатады» - дейді.
Яғни, дүниеде менен басқа ешкім жоқ, тек мен бармын дейтін, көзіне ешкім көрінбейтін, барды жоқ дейтін, жоқты бар дейтін тәкәппәр философия. Пруст нағыз болмыс сыртқы дүние емес, адам ішіндегі психологиялық сезім әлемі (қалпы) деп есептеген. Яғни бұлар адам рухы мен денесін және сыртқы жаратылыс дүниенің әр қайсысын өз орнына қоя алмай шатасқан ғой.
Олар адам миындағы құжынаған ойлармен қатар галлюцинация (елес), түс, инстинкт, неше түрлі сандырақтарды да (жүйке ауруына ұшыраған адамдардың сандырақтарын да қосып) том-том кітап қылып жаза бастады. Ең оңай нәрсе. Ойлану да, толғануда керек емес. Мағына да керек емес. Өйткені әлемнің өзі мағынасыз боп шықты ғой. Мағынасыз һәм шексіз әлемде шектеліп, қысылудың да қажеттігі жоқ. Анау болады, мынау болмайды деп. Ұят-аят деген де керексіз нәрсе, осы уақытқа дейін адамды тұсап, кібіртіктетіп келген деп лепірісті. Өнер де осы еркін дүниені, еркіндікпен бере білуі керек. Оның да көп негізсіз қысымшылықтардан босануы керек. Мысалы көркем шығармаларда идея, тақырып болу керек деген нәрсені қою керек. Сюжет құрып әуре болу ескіліктің сарқыншағы десті. Сөздерді олардың бостандығын шектейтін грамматика, пунктуация деген ережелер қамауынан босату керек.Үтірсіз, нүктесіз шығармалар жазу керек. Керек болса адамдардың осы уақытқа дейін қолданылып келген сөздері де ескірді, енді жаңа, ешкім түсінбейтін ақылға қонымсыз тіл (заумный язык) ойлап табу керек десті тағы. Яғни білгеніңді істе. Нағыз бостандық деген міне осы. Ақиқатында нағыз бостандыққа жету үшін адам өзіндегі артық жүктің бәрін тәрк ету керек. Мысалы отбасын, малын, дінін, сезімін, ақылын...Сонда не қалады? Қалатын нәрсе көп. Қайта ең пайдалы, ең керекті нәрселер ғана қалады екен: дене, тамақ (тәбетімен бірге), секс, билік, ақша, камфорт...Міне модернизм деген сиқырлы өнердің бар ішкі сарайы осы! Бей-берекет ойларды қағазға түсірушінің басы - француз жазушысы М.Пруст деген болды. Оқиғасыз, идеясыз роман жазушы. Ойыңа келгенді жіпке тізіп түрте бересің. «Ой ағымы» (орысша «потока сознания») деген керемет әдіс осы. Ағылшын жазушысы Д.Джойстың «ой ағымы» әдісі Прустан да күрделі болды. Ол өңін қойып, кейін шым-шытырық түсін жазумен айналысты. Оның өзін түсініксіз, шифрлы тілмен жазды. Бұлардан бек көп үлгі алған, абсурд жазушысы А.Камю: дүниеден еш тірек, түйірдей мағына таппаған адам жаны қысылып, шыдамаған соң төңкеріс жасаумен шерін тарқатады деген ойын таратты (Экзистенциализм деген «әдемі» философия осы). Несі ой? Оның айтуынша 2 Александр патшаны, ұлы князь Сергейді, ішкі істер министрі Плевені т.б өлтірген орыс терроршылары: И.Гриневицки, Сазонов, Каляев, Желябов, Перовскаялар да ішкі шерін тарқатушылар екен. «Сизиф туралы миф»-ті жазған Камюдің Ф.Достоевскиді оқи бергенше Л.Толстойдың «Арылу» (Исповедь) атты шығармасын оқымағаны өкінішті-ақ. Бәлкім оқыса да түсінбеген болар. Бұларға философиялық демеуші - Ницше. Ницше әлемнің хаосқа түсуіне көп үлес қосқан философ. Ол «құдай өлді» деген. Өлген құдайдың орнына адамның өзі құдай болуы керек деген. Оның философиясынан шыққан адам- құдайдың бірі (сверх человек) - Гитлер. Гитлердің қандай құдай болғанын әлем біледі.
Жалпы модернизмнің саласы көп, әралуанды. Бірақ түбірі бір. Декаденттік дей ме, авангарт дей ме бәрінің жүрер соқпағы бір. Авангарттық өнердің бір түрі - футуризм. Бұл ағым да шектен шығудың бір нобайы. Махаббаттың орнына машинаны қояды. Нағыз өлең ақын жыры емес, машина моторының гүрілі дейді. Соғысты әлемнің тазартқыш құралы ретінде қарап, фашизмді дәріптеген. Өткеннің бәрін қиратуды ұсынады (нигилиизм). Сезімнен гөрі рухсыз қара қүшті (бұлшық ет, энергия, мотор, соғыс т.б.) жырлайды. Олар: «Жар, исходящий от куска дерева или железа, нас волнует больше, чем улыбка и слезы женщины» (Маринетти), - дейді. Декаденттік деген үміті үзілген, көңілі торыққан бүкіл әлемге қапа, дұшпан бейшара жан іші. Оның бір мысалы жоғарыдағы - абсурдтық. Басы - модернизм, аяғы - тобырлық мәдениет (парнография, дедектив, рок-музыка т.б)Пролеткультте модернизмнің бір түрі. Модернизм - былғаныш, пролеткульт - керемет деген заман өткен. Ақиқатында екеуі бір нәрсе. Мысалы Ницшенің валюнтаризмі мен Маркстің пролетариат диктатурасы ұқсас нәрселер. Екеуі де адам жаратылысына қайшы ағымдар. Модернистердің көбісінің социализм сойылын соғып кеткені содан, Мысалы футурист Маяковски, эспрессионист Бехер кейін социализм жаршысына айналғандар. Гитлер, Сталин, Муссолини - бұлар саяси модернистер. Ницше шапанынан - Гитлер, Маркс шапанынан - Сталин саяси аренаға шықса, Пруст, Маринетти, Хлебников, Маяковскилер әдебиет аренасына шыққан. (Суретшілерден Пикассо, Тулуз Лотрек, Кандински, Малеевич т.б. сындылар толып жатыр). Яғни Декарттан басталған ертегі-философия Дарвин мен Фрейдтің «қырық өтірігімен» (Тазша бала бұл жерде жіп есе алмай қалады) қосылып, одан әрі Прустардың, сюрреалистердің, футуристердің, пролеткультшылдардың т.б. көркем фантазиясымен өрнектеліп, Гитлер мен Сталиннің сойқанымен бітеді. Міне, бары осы. Ақиқатында бітпейді, әлі күнге жалғасын таба береді. 60-жылдары Америка мен еуропада пайда болған «Хиппи» атты жастар қозғалысының көсемдері Герберт Маркузе мен Джерри Рабин сындылар болған. Д.Рабин өзінің бір кітабында: «Мы смешаем молодость, музыку, секс, наркотик и дух бунтарства с предательством, а такое сочетание трудно побить» деген. Бұл қозғалыс осындай айла-тәсілдермен батыста «Жыныстық төңкеріс» (сексуальная революция) жасаған. Яғни адамдарды жануарлар құсап ашық, еркін, коллективтік, жабайы түрде жыныстық қатынас жасауға шақырған һәм өздері соны жүзеге асырған. Яғни ар-ұят, ождан, сенім дегеннің, яғни адамшылықтың бар шекарасынан аттаған.
Модернист Маяковскиден бір тармақ үзінді:
Лысый фонарь сладострастно снимает с улицы черный чулок
Осы бір жолда қарап отырсақ жаңағы біз айтқан: иррационализм де, модернизм де, авангарт та, сюрреализм де, футуризм де, пролеткульт та, абсурт та т.б. бәрі бар... Яғни адам миына қонбайтын қойыртпақтың бәрі бар.
Авангарт Давид Бурлюктың рабайсыз образдарына қарайық:
Душа - кабак, а небо - рвань, / Поэзия - истрепанная девка, / А красота - кощунственная дрянь... Небо - труп, не больше! / Звезды - черви - пьяным туманом.
Орыс футурисі А.Крученыхтың «заумь» тілімен жазған жырлары:
Дыр буль щыль
убещур
скум
Вы со бу
р л эз
***
Фрот фрон ыт
Не спорю влюблен
Черный язык
То было и у диких племен
***
Та са мае
Ха ра бау
Саем сию дуб
радуб мола
аль


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет