Сұрақ: 1.Ата бабамыздың ертедегі ұзындық өлшем бірлігі және қазіргі кездегі аталуы?
2.Ертедегі қазақ қыздарының таққан орамалдың өлшем бірлігі және қазіргі кездегі атауы?
3.Ата – бабамыз ертеде дене салмағын қалай өлшеген, қазіргі кездегі атауы?
2-жүргізуші: 1.Сұйықтар мен газдардың бірқатар маңызды қасиетін ашқан ғалым – (Паскаль) 2. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс) 3. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым – (Коперник) 1-жүргізуші: Ендігі кезекте “Жорға” ойыны. Бұл жерде 3 командадан бір-бірден оқушы шығып 3 минуттың ішінде қанша формула жаза алатындығын, байқайық.
2-жүргізуші:Топтық жұмыс.
1-ші топтың тапсырмасы. Мына қағазға назар аударыңдар. Қағаздың бір шетіне жолаушылар ұшағының, жеңіл машинаның, жаяу адамның, қоянның электр пойызының номерлері және жылдамдықтары берілген.
Ұшақ 5 км/сағ
Жаяу адам 90 км/сағ
Жеңіл машина 60 км/сағ
Электр пойызы 200 км/сағ
Қоян 700 км/сағ
Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен, сәйкестендір.
2-ші топтың тапсырмасы:Қағазда жазылған өлшем бірліктердің Халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемдерін тап.
Км/сағ с
См м/с
Тәулік м
3-ші топтың тапсырмасы: Физикалық өлшем бірліктерін рет-ретімен орналастыр.
Қысым Н
Күш м/с
Жылдамдық кг
Жол Па
Масса м
1-жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда түрлі физикалық шамаларды өлшейтін құралдар берілген. Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шама өлшейтінін ретпен жазыңдар:
Манометр а)масса, салмақ өлшейтін құрал
Динамометр ә)қысымды өлшейтін құрал
Зертханалық таразы б)температураны өлшейтін құрал
Термометр в)күшті өлшейтін құрал
2-жүргізуші: Әнде кездескен сөздердің физикалық мағанасын ашу.
Желсіз түнде жарық ай... (жарықтың шағылу құбылысы)
Тыныш еді өмірім... (инерция заңы)
Жұлдызды түнде шаттанамын... (жұлдыздардың ашық күнде жарқырауы физикалық құбылыс)