«Əріп» мəзірі:
«2 бөліктен əріп құрастыр», «4 бөліктен əріп құрастыр», «Əріп жина» əріптің оптикалық контурын бекітуге арналған. Олар деңгейлерге байланысты бөлінеді. Осы үш тапсырмада бала құрастыратын əріпті таңдай алады;
«Суреттер» сөздегі алғашқы əріпті табуға, анықтауға арналған. Сонымен қатар ұқсас фонемды əріптерді анықтауға ықпал етеді;
«Том жəне Тим» дауыссыз дыбыстардың жұмсақ-қаттылығына қарай дыбысты талдауын қалыптастырады.
«Буын» мəзірі:
«Сиқырлы құдық» жаттығуы алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Сол арқылы балалар қиын буынды сөздерді айтуға жаттығады.
«Сөз» мəзірі:
«Тығылмаш» жаттығуы арқылы сөзге дыбыстық талдау жасауға жаттығады. Стимулды материалды таңдауға байланысты (суреттер, аудио) фонемды қабылдауын жан-жақты дамытуға болады;
«Мозаика» жаттығуы сөздің жазылуын тануға жəне сөзді тұтас оқуға үйретеді. Еске сақтау мен қабылдауды түзетеді.
«Сөйлем» мəзірі:
«Сөйлемді қалпына келтір», «Сөйлем құрастыр», «Түсіп қалған сөзді қой», «Сөйлемді аяқта» жаттығулары сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық жақтарын дамытуға арналған. Ол балаға сөздер мен сөйлем арасындағы мағыналық жəне грамматикалық байланысты қоюға жаттықтырады.
«Мəтін» мəзірі:
«Мазмұндау», «Əңгімелеу», «Сурет бойынша əңгімелеу» жаттығулары байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған. «Мазмұндау» бөлімінде берілген тақырып бойынша əңгімелеуге арналған көмекші сөздер, сұрақтар, сөздіктер берілген. «Суретке қарап əңгіме құрау» бөлімінде суретшілердің 21 түрлі картиналары берілген (портрет, сюжетті суреттер, пейзаж). Əр суретке, оның эмоциялық мағынасына сəйкес музыкалық үзінді таңдалған. Ол баланың суретті сипаттауына көмектеседі.
«Сөздікпен жұмыс» жəне «Белсенді сөздігін қалпына келтіру»:
Тренажерда базалық сөздік енгізілген. Ол жалпы көлемі бойынша 4,5 мың сөзден тұратын 63 сөздіктен тұрады. Ол жалпы жəне тақырыптық сөздер («Киім», «Тамақтар», Мектеп» т.с.с.), сонымен қатар сөздіктер фонетикалық принцип бойынша құрылған). Баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беріліп, логопедиялық жұмыспен қатар, баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік берілді.
Аутизмі бар балалардың оқытуда, қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық үрдістерін дамытуда кешенді түзете-оқыту əдістерін жүйелі қолданып, пайдалану үдерісіне сараптаулар мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:
тəжірибелік топтағы балалардың психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;
аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда балалардың белсенділігі, қызығушылығы арта түсті;
аутизмі бар балаларға жүргізілген эксперименттен кейін балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алды;
аутизм диагнозы бар балаларға эксперимент жүргізу нəтижесінде жақсы нəтиже көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |