Аутизмі бар балалардың қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бойынша тəжірибелік-эксперименттік жұмыс Талдықорған қаласында орналасқан «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де жүргізілді. Арнайы мекемелердің педагогикалық ұжымы біз жүргізген зерттеулік ізденіс жұмыстарға оқу-тəрбие үрдісін жетілдіру мақсатында белсенділік танытты. Арнайы мекемедегі педагог-логопед ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибесін топтастыру үшін арнайы тақырыппен жұмыс жасайды. Логопед ғылыми ізденіс тақырыптары, негізінен, аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге педагог-логопед, біздің тəжірибелік- педагогикалық жұмысымызда көрсетілгеніндей, арнайы мекемелердегі жұмыстардың болашақтағы жоспарына сəйкес аутизм диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында қатыстырылды.
. Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алу. Алғашқы кезеңінде тəжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:
эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді;
педагогикалық бірізділік анықталды;
оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды.
Эксперимент 4 бағытта жүргізілді:
аутизм диагнозы бар балалардың сөйлеу тілін, қарым-қатынасын, психикалық процестерін
«Ойын технологиясы» əдісі бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастыру;
глобалды оқыту əдістемесі бойынша аутизмі бар балалардың есте сақтауын дамыту;
сенсорлы интеграциялау əдісі арқылы аутизмі бар балалардың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;
ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша «Дэльфа–142,1» тренажерын қолдану арқылы аутизмі бар баланың сөйлеу тілін жан-жақты дамыту.
Эксперимент жұмыстарын жүргізу кезінде түзету кабинетінде оқытылатын 6 бала қамтылып, зерттелді. Эксперименттік жұмыс барысында қолданылған əдістер:
Достарыңызбен бөлісу: |