Эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді


«Достармызға үй саламыз» ойыны



бет3/7
Дата28.04.2020
өлшемі21,09 Kb.
#64927
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
аутизмі бар балалармен жұмыс
PP RK No 77 kaz., кесте, 0006b1cc-20f67d4b, 1996, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарий, ата анаға кеңес, әдебиет 999, ~$лде айының айлық жоспары, dlya roditeley pervoklassnikov (1), химия биология, zhas-mamandarmen-zhmis-zhospari, 6 КТЖ 7 сынып Физика календарный (3) (1), физика20, физика20, физика20
«Достармызға үй саламыз» ойыны.
Ойын барысы: нұсқаушы балаларды екі топқа бөліп, олардың Ақтөс жəне Шарик атты екі достарының барын айтады. Олар өте жақсы достар. Тек олардың тұратын үйі жоқ. Қане, оларға үй салып көмектесейікші. Осылайша, бір топ Ақтөске, екінші топ Шарикке үй салады. Ол үшін балаларға кубиктер мен тапсырмалар беріледі. Кім үйді бірінші салып бітіреді.
2.  Глобалды оқыту əдістемесін қолдану.

Ерте жастағы аутист-балаларды оқытуда глобалды оқыту əдістемесін қолдану барынша тиімді болып табылады. Глобалды оқыту – баланың бүкіл сөзді толығымен қабылдауы (жазылуына қарап).

Келесі жаттығуда біз сөздерді бөліктерді бойынша глобалды оқытамыз. Сөздің бөліктері, буындар, жеке əріптер. Мысалы: ма-ма, па-па, а-ға, ал-ма, ал-м-ұрт. Аталмыш əдіс арқылы бірте- бірте қалыпты оқуға өтуге болады деп санаймыз.

Баланы ең алдымен қандай сөздермен таныстырған жөн? Əрине, ең алдымен, біз қарапайым, күнделікті қолданыста жүрген сөздерден бастаймыз. Олар: ана, əке, аға, апке, ата, апа т.б.

Біраз уақыт өткеннен кейін ұзақ сөздерді қосуға болады. Мысалы: қуыршақ, машина, кітап, ойыншық т.с.с., яғни біз бұл кезеңде де балаларың күнделікті қолданатын, айналасындағы заттарға сүйенеміз. Келесі кезеңде біз жақын адамдардың аттарын қосып жазамыз. Мысалы, Айгүл мама, Асқар аға, Жанна тəте т.б.



  • -тапсырма. Нұсқаушы балаға қарапайым заттық суреттерді көрсетеді. Суреттің астында алдын ала даярланған заттың аты жазылған. Балаға берілетін тапсырма: алдын ала даярланған жазуды тиісті суреттің астына қою қажет. Алынатын суреттер: машина, автобус, кеме, қайық, ұшақ, тік ұшақ т.б.

  • -тапсырма. Дəл осы тапсырма, тек осы жолы тапсырма күрделене түседі. Яғни, суреттер іс-əрекетті сипаттайды, сөйлем екі сөзден тұрады. Мысалы, машина жүрді, кеме жүзді, ұшақ ұшты т.б., бала тиісті сөз жазылған карточканы сəйкес суретпен біріктіруі қажет.

  • -тапсырма. Тапсырма ерекшелігі — заттың сынына мəн беру. Яғни түсіне, көлеміне, пішініне. Мысалы, қызыл машина, сары автобус, үлкен қайық т.с.с. балаға берілетін тапсырма тиісті сөз жазылған карточканы сəйкес суретпен біріктіруі қажет.

Əр тапсырада 3 суреттен берілген. 1-суретті дұрыс тапқаны үшін — 2 ұпай, дұрыс жауап бермеген жағдайда 0 ұпаймен бағаланады. Сонымен қатар:

  • 7-9 ұпай — жоғарғы деңгей;

  • 3-5 ұпай — орташа деңгей;

  • 0-2 ұпай — төменгі деңгей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет