4. Ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша «Дэльфа–142,1» тренажерын қолдану.
«Дэльфа–142.1» логопедиялық тренажеры баланың ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін жан- жақты дамыту, түзету бағдарламасының кешені түрі болып табылады. Ол кез келген дыбыс, əріп, буын, сөз, сөйлем сияқты сөйлеу тілінің бірліктерімен жұмыс жүргізуге, мынадай логопедиялық міндеттерді: сөйлеудің грамматикалық-лексикалық жақтарын дамыту мақсатымен тыныс алуды жəне дауысты түзету, сөйлеу бұзылыстарын түзету үрдісіне ойын элементтерін қосу, сөздік материал мен жаттығу типтерін жан-жақты қарастыруға, түрлі мақсатқа сай материалдарды қолдануға (суреттер, əріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер), баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беруге, логопедиялық жұмыспен қатар баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік береді.
Тренажерлар зиятында ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар, сөйлеу бұзылысы бар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жəне қабылдау ерекшеліктеріне сəйкес жасалады.
Жаттығулардың құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |