Такырып 2. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды.
Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді.
Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.
ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді.
Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі.
Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды.
Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс интроспекцияәдісі еді. (Интроспекция (лат.Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)
Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.
Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.
Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.
Сонымен, эксперименталды психологияның дербес ғылымға айналуына ассоциация ілімдер өкілдерінің еңбектері себепші болды.
Р. Декарт, В. Вундт, Ф.Бэкон, Дж. Локк, Р. Кэттел, Крепелин еңбектеріндегі зерттеу жұмыстарында ашқан жаңалықтары эксперименттік психологияның алғашқы фундаменті болды.
Ресейдегі эксперименттік психологияға жаңа жетістіктер әкелген Н. Лангенің Новосибирск университетіндегі лабораториясындағы зерттеулері және Токарскийдің Москва Мемлекеттік Университетінің лабораториясында В.В. Чиктің Харьков Университетінің лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.
Эксперименталды психологияда А. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Петербург университетіндегі жүйке және жан аурулары кафедрасында жұмыс атқара отырып, лабораториялық экспериментте адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып, жеке адамның құрылымын жасады.
Қазіргі кездегі эксперименталды психологияның дамуы бірнеше жылдар бойы жинақтаған білімдерді тәжірибеде қолдану негізінде адамдардың іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді кеңейтумен сипатталады. Еліміздегі психология ғылымының қолданбалы саласында психологтардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын оқыту жұмыстарының психологиялық заңдарын ашумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері психотерапия және психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысады.
Жалпы алғанда, эксперименталды психологияның тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:
1. В.Вундт және Стивенс түсінігі бойынша эксперименталды психологияның негізінде адамдармен жаунуарлардың әрекеттерін зерттеп жатыр. Ғылыми психология мен психологияның философиялық, интроспекциялық, ойша жорамалдаушылық және гуманитарлық көзқарастармен қарсы тұрады.
2. Эксперименталды психология нақты зерттеулерде іске асатын экспериментті әдістер мен әдістемелерді нақты бір жүйеге келтіріп, дәлелдеп түсіндіреді.
3. Эксперименталды психология терминнің оның мағынасын кеңейте отырып, психологтар, психологиялық зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылыми пәндер жүйесі үшін қолданылды.
4. Эксперименталды психология психологиялық эксперименттік теориясын эксперименттің жалпы ғылыми теорияларына негіздеу және оны жоспарлау және алынған мәліметтерді өңдеу туралы мәселені қарастырды.
Елімізді эксперименталды психология курсы 70 жылдардан бастап оқытыла бастады. Ал Ресей Университеттерінде бұл пән профессор Челпановтың лекцияларынан басталады. Ол 1909 жыл еді. Челпанов эксперименталды психология оқу пәнін психологиялық “зерттеулер әдістемесін, нақтырақ айтқанда психологиядағы эксперимент әдісін қарастыратын ғылым”, - деді.
Эксперименталды психология саласы бойынша орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.
Француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І дүниежүзілік конгресінде Париж қаласында 1889 жылы талқыланды.
ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов психологиялық лаборатория ұйымдастырды.
Психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуда әйгілі академик И. П. Павлов (1849-1936) шартты рефлекстер әдісін ашты.
Н.И. Красногорский (1882-1961) балалардың жоғары жүйке қызметінің даму жолдарының қызметін зерттеді.
А.Г. Иванов – Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеді.
Осы кезеңдерде психикалық процестердің пайда болу жылдамдығын өлшейтін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін зерттейтін – эстезиометр, зейіннің көлемін өлшейтін тахистоскоп, естуді өлшейтін, тексеретін – аудиометр, бұлшық еттердің жұмысын тексеретін эрограф сияқты аспаптар ойлап табылып дүниеге келді.
Сондай-ақ эксперименттің екінші түрі – табиғи эксперимент пайда болды. Табиғи эксперимент әдісінің негізін салған орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917). Бұл әдістеме негізінде зерттеуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда өзі қалыптастырып отырады.