Анкетаны құру тәртібіне байланысты тікелей және жанама сұрақтар қойылады.
Тікелей қойылған сұрақтар респонденттер ашық пікір алмасуға даяр деген жерде пайдланылады. Бірақ тіке қойылған сұраққа шынайы жауап алу кейде өте қиын болады. Сіздерге «Неге сабақтарға толық қатыспайсыз?» деген ашық сұрақ қойылса оған «жақсы» жене «дұрыс» жауап беруге тырысасыз.
Жанама қойылған сұрақтар өмірде орын алатын мәселерге ұқсас жағдайлар туралы пікір айтуды талап етеді. Мысалы, жоғарыда қойылған тікелей сұрақтың орнына: «бәрімізге белгілі, кейбір студенттердің сабаққа қатысуы нашар. Ол немен байланысты деп ойлайсыз?» деген жанама сұраққа шынайы жауап алудың мүмкіндіктері молырақ.