Такырып 5. Ұйымдастыру әдістері. Анкета жүргізу
Анкета жүргізу әдісі
Сауал-жауап әдістерінің келесі түрі – анкета. Анкета жүргізу – алдын ала даярлаған блактерді пайдалана отырып жауал жауап жүргізудің жазба түрі. Анкета (фрац. «сауадар тізімі» деген мағнаны білдіреді) респонденттерге таратылып берілгеннен соң олар өзбетімен толтырады.
Бұл әдісті Френсис Гальтон бірінші болып пайдаланған. Ол зерттелінушілердің ақыл–ой даму ерекшеліктерін бағалау үшін респонденттердің жазба түрде берген есептерін талдаған. Ол өзінің зерттеу нәтижелерін «Ағылшын ғылымындағы тұлғалары: олардың табиғаты мен тәрбиесі» деген 1874 жылы шыққан кітабында көрсеткен.
Бұл әдісті пайдаланудың негізінде алдын ала даярлаған сұрақтар мазмұнының айқындығы және олардың дұрыс құрылуы болып табылады. Анкета жүргізу барысында зерттелінушілерге оны толтыру тәртібі жөнінде егжей-тегжей нұсқау беріп, жиналған материалдарды сандық және сапалық жағынан ұқыпты өңдеуді, статистикалық әдістерді дұрыс қолдануды қамтамасыз ету керек.
Бұл әдістеменің өзіне тән жетістіктері:
Дегенмен анкета жүргізуге тән елеулі кемістіктер бар:
респонденттердің жағдайын есептей отырып сұрақтарды толықтыруға немесе өзгертіге мүмкіндіктің болмайтындығы;
респонденттердің өзін жақсы көрсетуге тырысап жауаптарын «жақсы» етіп көрсетуге бағытталған бейсаналы қорғаныс функцияларының және мотивтерінің тигізетін әсері.
Қазіргі кезде анкета жүргізу психологияда қосалқы әдістер ретінде пайдаланылады, ал социология мен демографияда – негізгі зерттеу әдістері ретінде кеңінен пайдаланылады.
Анкета сұрақтарының түрлері.
Анкетадағы сұрақтардың мазмұны бойынша үш түрге олар бөлінеді:
респонденттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған: олардың жасы, мамандығы, білімінің деңгейі, отбасының ерекшеліктері т.с.с. Жиналған мағлұматтарға сүйене отырып зерттеуші зерттелінушілерді ұқсас көрсеткіштері бойынша топтастыруына мүмкіндік туады;
сана фактілеріне байланысты анкеталар көмегімен зерттелінушілердің пікірлері, жоспарлары, үміттері және өзгелерді бағалау жүйесі анықталады;
мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу анкеталары көмегімен зерттелінушілердің неше түрлі жағдайларды және іс-әрекеттерінің нәтижелері талданады.
Достарыңызбен бөлісу: |