ПРЕЗЕНТАЦИЯ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: «Педагогикалық зерттеудің әдістері»
Орындаған: Исмаил Аида, Кудратуллаева Камола
Садык Жазира, Саден Әдемау
Тобы: 1703-51
Қабылдаған: Шарапова Н.М
Шымкент,2022
Жоспар
I Кіріспе 1. Педагогикалық зерттеу әдістері
II Негізгі бөлім 1. Педагогикалық зерттеудің негізгі түрлері
1.1. Эмпирикалық зерттеу әдісі
1.2. Теориялық зерттеу әдісі
III Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Педагогикалық зерттеу әдістері деп педагогикалық құбылыстармен педагогикалық процестер, олардың элементтері мен компоненттер арасындағы заңды байланыстарды, қатынастарды,тәуелділіктерді тағайындау және ғылыми теорияларды құру мақсатында ғылыми информациялар алу тәсілдерін айтады.
Зерттеулерде:
-жалпы теориялық әдістер, -әлеуметтік және психологиялық әдістер, -математикалық әдістер пайдаланылады. Жалпы теориялық әдістерге: анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерге:
сауал-сұрақ, интервью алу, треннинг әдістері жатады.
Математикалық әдістерге:
рангілеу, шкалалау, корреляция әдістері жатады.
Кіріспе 1. Педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады.
Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.