Қазақ әдебиеті 10



Дата04.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#171040
түріОқулық
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 10 сынып

Қазақ әдебиеті 10


Бастау
Тақырыптар
Глосарий
Пайдаланылған әдебиеттер
Тапсырмалар
Бейне жазбалар
Басты бет
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытымен оқитын 10-сынып оқушыларына арналған оқулық
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді
Алматы “Атамұра” баспасы
Қазақтың Қанышы
Парасат Пайымы
Тарих Тағылым
Қалың елім, қазағым...
Сегіз аяқ
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Лай суға май бітпес қой өткенге
Абай шығармашылығы
Он жетінші қарасөзі
Отыз екінші қарасөзі
Абай шығармашылығы
Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ жайлауында 1845 жылы 10 тамызда туған. Абайдың әкесі – Құнанбай, оның әкесі – Өскенбай, үшінші атасы- Ырғызбай. Бұлардың барлығы да ел ішінде билік жүргізген адамдар.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, компазитор, аудармашы. Ол қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор ретінде артына айтулы әдеби мұрасын қалдырған…
Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған — Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра1 ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Лай суға май бітпес қой өткенге
Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге. Сол қасқырша алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? Берген бе тәңірім саған өзге туыс? Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс. Шарықтап шартараптан көңіл сорлы Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс? Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі. Халиққа104 махлұқ ақылы жете алмайды, Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі. Өзгені ақыл ойға қондырады, Біле алмай бір тәңіріні болдырады. Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен, Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Он жетінші қарасөзі
Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды.
Отыз екінші қарасөзі
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.
Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең, һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил[1] болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Медеу Сәрсеке
“Қаныш Сәтбаев” роман-эссе
Медеу Сәрсеке
Медеу Сапаұлы Сәрсеке (02.01.1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылы) - жазушы.
Арғын тайпасы Тарақты руынан шыққан. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958 - 1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1959 - 1963 жылдары Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963 - 1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы.
“Қаныш Сәтбаев” роман-эссе
Медеу ағаның қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмір жолын баяндаған роман-эссесі –ол кісінің есімін елімізге ғана емес, сол кездегі Одаққа танытты. Бұл шығарма қазақша −12, орысша – 5 және ағылшынша бас-аяғы 18 рет басылғанымен, оның алғашқы кітабы туған елінде түрлі кедергіге тап болды.
М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айаналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған.
Айгул Кемелбаева
“Шашты” әңгімесі
Талапбек Сұлтанбеков
“Көшпелі алтын” ғылыми-фантастикалық әңгіме
Оразақын Асқар
Шетте жүрген бауырларға
Айгул Кемелбаева
Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаева (21.03.1965. Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші.
1982 ж. қазақ орта мектебін бітірген.
1984-87 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің ІІІ курсын оқыды.
1989-94 жж. Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқып бітірді. Мамандығы – әдеби қызметкер.
2001 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Баспасөзде 300-ден аса әдебиеттану мақалары, эссе, аудармалары жарық көрген. 3 прозалық кітап пен 2 әдебиеттану-эссеистика кітабының авторы.
“Шашты” әңгімесі
А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты суреттелген деп айтуға болады. Ұлттық мүдде идеясын бірнеше оқиғалар барысында көреміз. Автор барлығын өз кейіпкерлерінің бойындағы құндылықтар арқылы жеткізеді.
«Шашты» әңгімесі – адамның жан дүниесіне қатты әсер ететін шығарма.Оны қаламгер ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырған деп білемін. Шығарманы оқыған сайын ұлттық құндылықтарымыз биіктей түседі.
Ең алдыменен, шығармадағы көтерілген басты мәселе – адам тағдыры. Жер бетінде адам тағдырымен ойнап, оның өмірін ұрлаудан артық күнә жоқ. Жазушы, біріншіден, осыны ашып көрсетеді. Оны біз түрікпендерде құлдықта өмірін өткізген Тасқұл бейнесі арқылы көреміз. Құлдықта жүрсе де, ар- намысын алдыңғы орынға қойған Тасқұлда ұлтымызға ғана тән намысқойлық қасиет басым деп ойлаймын. Ол қанша рет қашуға бел буса да, босап шыға алмайды.
Талапбек Сұлтанбеков
Талап Сұлтанбеков - 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді.
“Көшпелі алтын” ғылыми-фантастикалық әңгіме,
Көшпелі алтын шығармасы - қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы. Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай "алтын". Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.
Оразақын Асқар
Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Суан руынан шыққан. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
Шетте жүрген бауырластарға
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып, Құтты орын тепсендер де ауырласып, Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып. Бөленіп онда бәрің байлық, баққа, Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа, Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа, Бұрыңдар көшті атамекен жаққа. Қазағың жетті ежелгі арманына, Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына, Ілінбеу үшін елдік бірлік керек Ешқашан енді ешкімнің қармағына. Уақытша көрсендер де қиыншылық, Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып, Қожа боп өз жеріңде өз еліңе Не жетсін тер төгуге соны ұғып. Астында өз аспаның, өз туыңның, Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның, Қандастар қапы қалма, орны бөлек Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
“Бесеудің хаты” драмасы
Жәркен Бөдешұлы
“Жалғыз” поэмасы
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (2 қыркүйек 1932 жыл, Талапты ауылы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған.
“Бесеудің хаты” драмасы
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.
Жәркен Бөдешұлы
Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда дүниеге келген. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.
“Жалғыз” поэмасы
«Жалғыз» поэмасының түпкi мақсаты жаратқан Иемiз – Құдайдан бастап бар дүние-әлемде бәрi жалғыз екендiгiн еске сала отырып, сол даралықты санаңмен саралап, бағасын бағамдай бiлу жөнiнде философиялық ой түйiндеген толайым туынды. Осы бiр шығар күндей шындықты жетемiзге жеткiзудi мақсат еткен ақын көкiрегiн кернеген ағыл-тегiл ойларын ортаға салуға асық: Бұл жалғанда кiм жалғыз? Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз, Жарқырап тұрған Шолпан да, Жалғыздығын сезiнер... Жыр боп мәңгi жасарға, Абай жалғыз қашанда, Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да... Көңiлде бар көп түйткiл, айтыла бермес көбiнде, Өмiр жалғыз болғасын, екеу емес өлiм де... Кiм жалғыз бұл жалғанда? Қара жер жалғыз қашанда, Адамның жетпес ақылы қолдан оны жасарға... Әлбетте, ақын жалаң жалғыздықты әуезе етiп отырған жоқ. Оның көксегенi ғұмырлы ғұламаларға жарасқан жалғыздық әлемi.
Қазақтың Қанышы
Парасат Пайымы
Тарих Тағылым
Қалың елім, қазағым...
Сегіз аяқ
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Лай суға май бітпес қой өткенге
Абай шығармашылығы
Он жетінші қарасөзі
Отыз екінші қарасөзі
Абай шығармашылығы
Сегіз аяқ
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Лай суға май бітпес қой өткенге
Он жетінші қарасөзі
Отыз екінші қарасөзі
Медеу Сәрсеке
“Қаныш Сәтбаев” роман-эссе
Медеу Сәрсеке
“Қаныш Сәтбаев” роман-эссе
Айгул Кемелбаева “Шашты” әңгімесі
Талапбек Сұлтанбеков “Көшпелі алтын” ғылыми-фантастикалық әңгіме
Оразақын Асқар “Шетте жүрген бауырластарға”
Айгул Кемелбаева “Шашты” әңгімесі
Талапбек Сұлтанбеков
“Көшпелі алтын” ғылыми-фантастикалық әңгіме,
Оразақын Асқар “Шетте жүрген бауырластарға”
Шерхан Мұртаза “Бесеудің хаты” драмасы
Жәркен Бөдешұлы “Жалғыз” поэмасы
Шерхан Мұртаза “Бесеудің хаты” драмасы
Жәркен Бөдешұлы “Жалғыз” поэмасы
Глосарий
Глосарий
Абай шығармашылығы
Медеу Сәрсеке
Пайдаланылған әдебиеттер
Авторлары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет