Сауалнама жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
1.1. Эмпирикалық зерттеу әдісі
Теориялық әдістерэмпирикалық фактілерді қажет етеді. Сонымен, теориялық және эмпирикалық әдістер бір-бірін толықтырып, бірлікте өмір сүреді. Теориялық зерттеу әдістеріне келесілерді жатқызуға болады: абстрактілеу мен нақтылау, индукция мен дедукция, анализ және синтез, салыстыру, жіктеу, жалпылау, модельдеу. Эмпирикалық материалдан алынған анықтамаларды жүйелеу мен өңдеуде теориялық анализ бен синтез әдісі үлкен роль атқарады. Бұл әдістің осал жері диалектикалық логиканы жинақталған фактілерді сапалы талдауда қолдануға және біруақытта оның маңыздылығына ене отырып көп көлемде анықтама алуға, зерттейтін құбылыстың ойша қайта құрылымын жүргізуге, оның қызықтыратын жақтарын, белгілерін, даму заңдылықтарын тауып жүйелеуге мүмкіндік беруінде.
Анализ — объектіні бөліктерге бөлу және оларға сипаттама беруден кұралған зерттеу тәсілі. Синтез (гр. ,synthesis құрастыру, тіркестіру) —бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау;
Индукция— білімнің жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ауысуы болып табылады. Индукция дедукциямен тығыз байланысты болады. едукция - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады.
Модельдеу - әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын (микро-, макро-, мега әлемнің процестері мен құбылыстары, кибернетикалық және имитациялық модельдерді жасау, жүйелік техниканың тууы т.б.) модельдердің жаңа типтерін жасауға негіз болған ғылымның дамуымен байланысты кең тарады.
1.2. Теориялық зерттеу әдісі
Қорытынды Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.