ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Педагогикалық технологиялар және олардың түрлері
Орындаған: Исмаил Аида, Кудратуллаева Камола, Саден Әдемау, Садық Жазира, Юнусова Сайёра
Тобы: 1703-51
Қабылдаған: Шарапова Н.М
Шымкент,2022
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім 1. Педагогикалық технологиялардың жүзеге асу жолдары
2. Педагогикалық технологиялардың түрлері
2.1. Кейс технологиясы
2.2. Модуьдік оқыту технологиясы
3. Оқытудың компьютерлік және презентациялық технологиялары
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) « педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді.
Технология — қандай да болсын істе,өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы: Педагогикалық технологияның мәні тұлғаның дамуы мен өзін- өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деп көрсетеді
Педагогикалық жаңа технология – іс- әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол даратұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Кіріспе
Педагогикалық технология ұғымы
Педагогикалық технологиялардыңіске асу жолдары:Дидактикада оқу технологияларытөмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік);философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл-әкімшіл (авторитарлы);тәжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс жауапты (ассоциативті-рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік), іштей ұғу ( интериоризаторлы), дамытушы;тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл- әрекеттік ( оперативті –ақыл-ой әрекеттері әдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тәжірибелік әрекеттер қалыптастыру);дәстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы; мұғалім және оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология және т.б
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясыжөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я.
А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.
Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттыңорындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды
қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген.