«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Респонденттердің жауаптарының формаларына



бет13/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих

Респонденттердің жауаптарының формаларына байланысты анкеталар ашық және жабық түрлерге бөлінеді.
Жабық анкеталарда әр сұраққа зерттеушіні қызықтырып отырған жауаптардың бірнеше варианттары беріледі. Бұл жағдайда респондент тек аталған жауаптардың ішінен өзі дұрыс дегенін белгілейді. Сонымен қатар неше жауапты таңдап алуына болатыны, оның ретін белгілеу керек болса ол ретті анықтау жолдары зерттелінушіге толық түсіндіріліп айтылады.
Жабық анкетада жауапты берудің бірнеше формасы бар:
А) дихотомикалық форма – жауаптар қарама-қарсы мағнада болады («иә» - «жоқ», «дұрыс» - «дұрыс емес», «келісемін» - «келіспеймін» т.с.с.);
Ә) поливарианттық форма – бірнеше жауапты таңдап алуға мүмкіндік беретін жауап тізімдері беріледі. Мысалы: «Мағлұмат көзі ретінде бұхаралық ақпарат құралдарының қайсысын жиі пайдаланасыз?» деге сұраққа бірнеше жауаптар қатары беріліп, оларды респондент үшін маңыздылығына байланысты реттік номерлер қойып шығу ұсынылады. Жауап варианттары келесідей болуы мүмкін:
- теледидар
- газеттер (олардың аттарын келтіруге болады)
- журналдар (тізімі беріледі)
- оқытушылар
- отбасындағы үлкендер
Т.с.с.
Б) шкалалық форма, респонденттердің зерттеу объектісіне қатынасын, немесе одан алған әсерін бағалау қажет болғанда пайдаланылады. Мысалы, жауап варианттары келесі түрде болуы мүмкін:
- толық келісемін;
- келісемін, бірақ кейде басқаша болады;
- білмеймін;
- келіспеймін, бірақ кейде мүмкін;
- ешқандай келісуге болмайды.
В) кесте түрінде берілетін жауап формасы. Мысалы:



Сіздің келесі мәселерге уақытыңыз жетеді ме:

Иә

Жоқ

Білмеймін

Сабаққа барлық уақытта жақсы дайындалуға










Сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға










ФОП, компьютер, үйірме жұмыстарына










Респонденттер саны көп болса олардың берген жауаптарын талдау үшін жауаптарды код арқылы белгілеу қолданылады. Код ретінде үш сандық белгі алынса, бірінші екі сан сұрақ номері, ал үшінші сан – жауаптың реттік саны болады. Зерттелінуші өз жауабын код санын белгілеу арқылы көрсетеді.


Жабық анкета жүргізгенде респонденттердің жауаптарын салыстырмалы түрде талдауға болады. Дегенмен бұл жауаптарда әр зерттелінушінің пікірін есептеуге мүмкіндік болмайды.
Жартылай жабық анкета пайдалануға негіз болатын себептер. Зеттеушінің барлық варианттағы жауаптарды анықтауына мүмкіндігі болмағанда және зерттелінушілердің пікірлерін және көзқарастарын анықтауға пайдаланылады. Жартылай жабық анкета пайдаланғанда жауап парақта барлық жауап варианттары беріледі және бір бағанды «басқа жауаптар» деп атап, ол жерге әр респондент өз пікірін жазуға ұсынылады.
Ашық анкета қолданғанда барлық сұрақтарға респондент өзбетімен жауап береді. Ашық анкетаға берілген жауаптарды бір-бірімен салыстырып талдау, бағалау өлшемдерін табу қиынырақ болады. Сондықтан ашық анкеталарды зерттеуді енді бастағанда айқындау жұмысын жүргізу үшін ғана пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет