Студенттер үшін



бет1/11
Дата23.10.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73350
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПОӘК 042-18.1.13./02 - 2014

№ 2 баспа 11.09.2014 ж.,

№ 1 баспа орнына 18.09.2013 ж.



25 беттің - сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дережелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.13./02 – 2014



ПОӘК

Студенттерге арналған

«Дене тәрбиесі» пәні бойынша бағдарламасы


№ 2 баспа

11.09.2014 ж.,

№ 1 баспа орнына

18.09.2013 ж.





ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ»
Барлық мамандықтарға арналған


СТУДЕНТТЕР ҮШІН


«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ» ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014


Мазмұны


1

Жалпы ережелер

4

2

Пән мазмұны және сабақтың түрлері бойынша сағаттардың реттелуі

5

3

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

18

4

Пәннің түрі

19

5

Пәннің саясаты

19

6

Баға қою саясаты

20

7

Әдебиеттер

24



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Сахаев Б.Т. – кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., Королева С.Н., Шкода И. В., Вдодович И.В., Турашов Д.К., Орлов В.Г., аға оқытушылар, Кожабаев Б.Ж., Кажиякпаров Н.Б., Мохир А.А., оқытушылар

«Дене тәрбиесі» кафедрасы

Байланыс ақпараты: тел.: 35-34-45, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ спорт кешені.

Сабақ өткізу орны – спорт кешен

Несиелер саны – 10



1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау

Жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесі қазіргі таңдағы мамандардың тұлғасының жалпы және кәсіби мәдинеттілігін қалыптастырудың ұлттық бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Оқу пәні ретінде барлық мамандықтар үшін міндеттелген, ол дене дайындығын дұрыс дамуын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салты саналы түрде жүргізуге тәрбиелейді, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудың амалдарының бірі болып табылады, денсаулықты нығайту факторы, кәсіби дайындық үрдісі кезінде студенттердің физикалық және психофизикалық қалпын оңтайландырады.

Осы бағдарламадағы негізгі ереже ҚР «Дене тәрбиесі және спорт» Заңымен және «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасымен тығыз байланыстылған.

1.3 Аталмыш курстың басты мақсаты дене кемелдігін қамтамассыз ететін білім жүйесін меңгеру, тәжірибелік икемділік және дағдыларды қалыптастыру, денсаулықты нығайту, жоғары шығармашылық кәсіби белсенділікке даярлау.

1.4 Дене тәрбиесі сабағында білім беру және салауаттандыру міндеттеріннің мәселелері қарастырады:

- өмірдегі қажетті физикалық сапаларды дамыту және жетілдіру үшін дене тәрбиесі мен спортты қолданудың маңыздылығы туралы негізгі ғылыми-негізделген білім беру, ұзақ жылдарға денсаулықтың сақтау және оңтайлы кәсіби жұмысқа қабылеттілікті ұстап тұру, дене тәрбиесіне деген уәждеме-құндылық көзқарасын қалыптастыру мен дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде айналысуға қажеттілікті қалыптастыру;

- дене тәрбиесі және спорт бойынша физикалық қабілеттерді дамыту, әлеуметтік-мәдени тәжірибені және әлеументтік – мәдени құндылықтарының жан – жақты иептілік және дағдыны қалыптасуын қамтамасыз ету;

- дене тәрбиесі мен спорттық іс-әрекеттін әр түрлі құрылымдарын қолдана отырып ұйымдастыру қабілеттілігін дамыту;

- дене тәрбиесінің құралы мен әдістерін қолдана отырып психикалық жағдайын басқаруды үйрету;

- жеке дара биологиялық мүмкіншіліктері шамасының есебінен ағзаның физикалық қорынның, кәсіби іс-әрекетті, дене жаттығуларының жүйесі және қоршаған орта факторларын қолдана отырып жалпы басқарудың ғылыми-негізделуін қамтамасыз ету.

- салауатты өмір салтына ұстана отырып әр түрлі спорт түрлерінің дене жаттығуларын демалыста қолдануды үйрету «СӨС»;

- дене тәрбиесінің сауықтыру және қалыпқа келтіру амалдарын, спорттық – сауықтыру туризмін, жаттығулар жүйесін, (дамытушылық, алдын алу, қалпына келтіруші) кәсіби сырқатты емдеуді алдын алу мақсатында қолдануды үйрету.



1.5 Студент пәнді оқыту нәтижесінде білулері қажет:

  • білу – жеке дене сапасынның дамуы негізін;

  • меңгеру – өзін-өзі бақылауды және өз ағзасының функционалдық қалпын бағалай алуды білу қажет;

  • игеру – дене тәрбиесінің жаттығуларының физиологиялық және функционалдық мағынасын;

  • істей алу – дене тәрбиесінің амалдарын қолдана отырып өз бетінше бос уақытын ұйымдастырудың дағдысын қалыптастыру;

  • түсіну – дене тәрбиесі амалдарын қосымша қолдана отырып ауруды емдеу және алдын алумен қатар денсаулығын нығайту;

  • болуы – дене дайындығын қолдана отырып болашақ мамандарды кәсіптік дайындығын жеткілікті дәрежеге жеткізу;

  • алуы тиіс – дене тәрбиесі саласындағы негізгі білім және тәжірибеде қолдана алу дағдысы.



1.6 Пән пререквизиттері:

Бағдарламаның теориялық бөлімі, спорт түрлері: жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, футбол, атлетикалық гимнастика, жүзу.



1.7 Пән постреквизиттері:

Дене тәрбиесінің курстары студенттермен жаратылыстану ғылымдарын, психолого-педагогикалық, дене тәрбиесінен бойынша арнайы білімдер, студенттерді өзіндік жұмысы, дене тәрбиесі және спорт бойынша жаңа әдебиеттермен таныстыру, қолданбалы дағдыны және иептілікті қалыптастыру үшін қолданбалы білімдерді меңгеру, болашақ кәсіби әрекетке дене, психикалық және арнайы сапасын дамытуға баса назар аудару, сонымен қатар дәрігерлік бақылаумен және өзін-өзі бақылаудың тәжірибелік дағдысын және білімін қалыптастыру, спорт түрінен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет