«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет15/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих

Анкетаның функциясына байланысты:
Мағлұматтық - әр респонденттен мәлімет алу үшін жасалған анкеталар.
Іріктеу (фильтр) – баршаны қамтуды талап етпеген сұрақтардың тұсына кімдердің пікірі қызықтырып отырғаны көрсетіледі. Мысалы: «Бұл сұрақтарға тек «дефектология» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер ғана жауап береді» деген нұсқау беріледі.
Қосалқы сұрақтар (кейде байқау сұрақтары деп аталады). Бұл сұрақтар көмегімен респонденттердің берген жауаптарының шынайыға қанша жақындығын анықтауға арналған. Олар тікелей қойған сұрақтарды басқа вариантта құрып, бүктірмелеп қойылған сұрақ болуы мүмкін. Мысалы: «Кішкентай кезіңде еркелеп, шатақ мінез көрсеткен кездерің болды ма?», «Бейтаныс адамдарға көмек көрсетуге даярсыз ба?».
Көптеген мәлімет алу сұрақтарынаа ақиқатқа сай келетін жауап алу өте қиын. Сондықтан олардың тиімділігін арттыруға арналған қосалқы сұрақтардың көмегімен қосымша мәліметтер жинақтауға болады. Ол сұрақтарды анкетада орналастырудың реті бар:

  • негізгі және қосалқы сұрақтарды бір-біріне тіркестіріп қоймастан, олардың арасында біраз басқа сұрақтар қыстырылуы керек;

  • тікелей қойылған сұрақтарға берілген жауап жанама сұрақтар жауабымен тексеріліп, нақтыланады;

  • анкетадағы негізгі сұрақтар ғана қосымша тапсырмалармен толықтырылады;

  • жабық анкеталарда «білмеймін», «кейде» деген жауаптар орын алатын болса қосымша, толықтыратын сұрақтардың қажеттілігі төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет