Такырып 6. Интервьью және эксперимент
Интервью жүргізу әдісі
Сауал-жауап әдістерінің келесі түрі – интервью. Интервью – ағылшын тілінде кездесу, әңгімелесу деген мағнаны білдіреді. Бұл әдістеме зерттелінушімен тікелей кездесу барысында вербалдық қатынас арқылы мәлімет алуды көздейді. Берілген жауаптар теркеліп, сауал жүргізген адамның қарым-қатынас барысындағы жауабы мен мінезін талдауға негізделген.
Интервью жүргізу процедурасы зерттеу мақсатына толық сай, алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда қандай мәселе бойынша мәлімет жиналатыны және нәтижесі қалай талданатыны анықталған болады.
Интервьюді көптеген зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдалануға болатындығы және жиналған материалдардың түрлі бағытта болу мүмкіншілігіне байланысты оны әмбебап әдістерге жатқызады. Сондықтан интервьюді көптеген ғылым салаларында, әр түрлі көзқарастағы зерттеушілер кеңінен пайдаланады.
Сонымен қатар интервью нәтижесіне зерттеушінің жеке ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді, сондықтан оның нәтижесі субъективгімен, кейде ақиқатқа онша сай келмейтін фактілер кездесетіндігімен сипатталады.
Интервью жүргізу барысында респондент, (ағылшын тілінде жауап беруші) – интервьюге мәлімет көзі ретінде қатысушы адам, - көптеген себептерге байланысты сұрақтарға жауапты бұрмалап беруі мүмкін. Оның себептері:
оның пікіріне сырттай тигізген әсерге иланушылығы (ол әсер ақиқат немесе өзінің «жаман» ойымен байланысты болуы мүмкін);
әлеуметтік ортада қалыптасқан пікірден шыға аламауы;
ойлау стереотиптері мен қалыптасқан тәртіпке бағынушылықтың нәтижесі;
талданып жатқан мәселеге өз пікірінің қалыптаспағандығы;
талданып жатқан мәселені білмеуі немесе мәліметтілігінің таяздығы;
зерттеушіні жақтырмауы;
берілген мәліметтің құпия сақталуына көзі жетпегендігі;
әдейі өтірік айтуы немесе сыр сақтауы;
кейбір фактілерді ұмытып қалуы.
Интервьюер, сауал-жауап жүргізуші, жиналған материалдарды дұрыс талқыламай, оны бұрмалап көрсетуі де мүмкін. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмысында интервью әдісін пайдаланатын адамға оның жоғары квалификациялы маман және құзырлы болуын талап етеді. Сонымен қатар басқалармен қарым-қатынас жасау мәдениеті, шыдамдылығы, сыйысымдылығы, бақалардың жағдайын түсінгіштігі, жарқын жүзділігі т.с.с. қасиеттеріне талап қойылады.
Интервью түрлері:
Жүргізу жағдайына байланысты бір рет немесе қайта-қайта жүргізілетін, жеке-дара немесе топпен жүргізілетін болады.
Ұйымдастыру мақсатына байланысты:
Ғылыми зерттеу - ...
Диагностикалық, клиенттің жан дүниесінің ерекшеліктерін түсінуге арналған;
Клиникалық – терапевтикалық әңгімелесідің бір түрі ретінде, клиентке оны қинап отырған мәселенің мән мағнасын түсінуіне, шиеленіс жағдайлардың себебін анықтауына көмек көрсетуге пайдаланылады.
Интервьюердің респондентпен қатынасының ерекшелігіне байланысты еркін жүргізілетін интервью, жартылай және толық стандарттатылған деп бөлінеді.
Еркін жүргізілетін интервью барысында зерттеуші сұрақ қою ретін, қосымша сұрақтарды интервью барысында клиенттің жағдайына ыңғайлап өзгертіп отыруына мүмкіндік беріледі. Интервью жүргізу тактикасы өте икем, респонденттің жеке даралық ерекшеліктеріне сай келтірілген түрде жүргізіледі.
Стандарттатылған интервью алдын-ала анықталған нұсқа бойынша барлық респонденттермен бірдей ретімен, бірдей жағдайда жүргізіледі. Интервьюер өз еркімен сұрақтарды, оларды респондентке қою ретін өзгертуіне және жоспарланбаған сұрақтарды қоюына болмайды.
Мұндай интервью нәтижесінде жиналған материалдарды бір-бірімен салыстырып, алдын-ала анықталған көрсеткіштер бойынша талдап шығуға болады. Сондықтан зерттеу нәтижесінің сенімділігі артады.
Жартылай стандарттатылған интервью барысында екі түрлі сұрақтар пайдаланылады. Бірінші топтағы сұрақтар алдын-ала даярланған негізгі сұрақтар және оларды барлық респонднттер міндетті түрде жауап беруі керек. Екіншісі сол сұрақтарға жауаптарды толықтыруға, нақтылауға арналған қосымша сұрақтар (респонденттің ойын жетелеуге арналған). Бұл сұрақтар қажет болған уақытта ғана пайдаланылады.
Жартылай стандарттатылған интервью барысында сауал-жауап жүргізу әр респонденттің жеке ерекшеліктеріне байланысты сол адамға арналған вариантта ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеуші диалогті белсенді басқарып, қажетті кезде қосымша сұрақтар арқылы респондетті қажетті бағытта ойын дамытуға мүмкіндік береді.
Интервьюді ұйымдастыру кезеңдері. Интервью әдісінің қай түрі пайдаланылса тиімді ұйымдастыру үшін оны жүргізу ретін сақтаған дұрыс. Бірінші кезең - даярлық кезеңі деп аталады. Бұл кезең келесі компоненттерден тұрады:
Зерттеу объектісі, зерттеу міндеттері, интервью түрі анықталады;
Психологиялық зерттеу құралдарын анықтау (интервьюді жүргізу жоспарын жасау, зерттелінушіге берілетін сұрақтарды анықтап, оларды ретке келтіру, жиналған материалдарды талдау категорияларын анықтау, нұсқаулар даярлау, техникалық құрал-саймандарды ретке келтіру);
Пилотаждық интервью жүргізу;
Зерттеу бағдарламасын коррекциялап жетілдіру, анықталған сауалнамадағы сұрақтарды тексеріп шығу, пилотаждық зерттеу барысында анықталған қателерді талдау және оны қайталамау жолдарын анықтау;
Респонденттерге беретін нұсқау мәтінінің, оларға қойылатын сұрақтардың соңғы вариантын жасау.
Интервьюердің қоятын сұрақтарының түрлері.
Зерттеу мақсатына байланысты екі түрлі сұрақтар анықталады:
1) процедуралық (функционалдық) сұрақтар. Олар сауал-жауап жүргізуді оңтайландыру үшін қажет (респонденттің интервью жүргізу мақсатын және шарттарын білетіндігі, интервьюермен қарым-қатынас жасауға даярлығы);
2) тақырыптық сұрақтар. Олардың көмегімен зерттелінушілер пікірлері талданып, психологиялық қорытындылар жасалады.
Зерттеу мазмұнына байланысты тұрлері:
зерттелінушінің анықталып жатқан әлеуметтік мәселені немесе өмірде болған оқиғаларды білуі туралы сұрақтар;
зерттелінушінің өзінің мінез-құлқы туралы, мінез көрсету себептерін түсіндіре алуы, өмірлік ұстанымдары, өзіне және өзгелерге көзқарасын анықтауға бағытталған сұрақтар;
пікірлердің жиілігін, қатынастарды анықтауға арналған, эмоционалдық реакцияларды бағалауға арналған сұрақтар.
Жауап формасына байланысты: жабық және ашық сұрақтар қойылады. Жабық сұрақ қойылғанда респондентке жауап варианттары ұсынылады, ал ашық сұрақтарға әр ресондент еркін және толық жауап береді.
Интервью сұрақтарын құруға қойылатын талаптар:
әр сұрақ логикалық жағынан бір мәселені талдауға, бір мәселе бойынша репонденттің пікірін айтқызуға арналған болуы керек. Көп аспектілі сұрақтар қоюға болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |