Қалалық, атақты.
21-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Білім – біздің басты қазынамыз. Ақын Нұрпейіс Байғанин: «Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілде жатса баспай тот», - деген екен. Білімді адам болашаққа батыл аяқ басады.
Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана келеді. Білім адамды жақсы нәтижелерге, жоғары жетістіктерге, мол табысқа жеткізеді.
2.Ы.Алтынсариннің «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айт.
3.Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрастыр:-сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -қы/-кі.
|
22-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Өмірде мамандықтың түрлері көп. Бірі - заңгер, бірі - ұста, бірі - ұшқыш, енді бірі - дизайнер. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Алайда барлық мамандықтарға үйрететін мамандар болады. Олар – ұстаздар. Ұстаз – сол заңгердің де, ұшқыштың да, ғалымның да тәрбиешісі, ақылшысы. Мұғалім тек мектептің ғана тірегі емес, ол – адамзат өркениетінің көшбасшысы.
2.«Менің алғашқы ұстазым» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Бір жігіт өзінің мұғалімін көріп, оған қазір өзінің кедей екенін айтыпты.
|
23-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Алты жасар Сәкен бүгін ерекше көңілді. Анасы әперген костюмін киіп, сөмкесіне қалам-қағаздарын салып жүр. Сөмкесіне салған заттарды жиі-жиі тексеріп қояды. Үйге бір кіріп, бір шығып жүр. Сағатты танымаса да, қайта-қайта қарайды. Кешігуге болмайды. Өзін жауапты сезінеді. Сәлден кейін анасы мен әкесінің қолынан ұстап, гүл шоғын құшақтап мектепке қарай асығып барады.
2.«Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөздерге үстейтін мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлемдер құрастыр.
мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек.
|
24-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Бір жігіт өзін оқытқан ұстазын көріп, оған өзінің кедей екенін айтады. Ұстазы оған таңданады: «Сен маған қолыңды мың сомға сатшы», - дейді. Жігіт он мың сомға да сатпайтынын айтады. Ұстазы одан көзін, құлақтарын, аяқтарын қанша сомға сататынын сұрайды. Жігіт оларды да сатпайтынын айтады. Ұстазы оған осынша байлық иесі екенін, яғни бай екенін айтып, жұмыс істеу керек деп кеңес беріпті.
2.«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» деген М.Горькийдің пікіріне өз көзқарасыңды айт.
3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Егер сіз еңбекке өзіңіздің барлық жан-тәніңізді салсаңыз, онда бақыт сізді өзі-ақ іздеп табады.
|
25-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Ахмет таңертең ерте тұрды. Жуынып, киініп, мектепке келді. Бірінші сабақтан кейін асханаға барып, таңғы асын ішті. Өзінің сүйікті пәні - химиядан лабораториялық жұмыстарды өткізді. Түстен кейін әдеттегідей спортзалға барды. Үйге келген соң үй шаруасына көмектесті. Осыдан кейін Ахмет қанша шаршап тұрса да, үй тапсырмаларынорындауға отырды. Кешке ерте жатты.
2.«Менің арман мектебім» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Үнемі өз білімінің кемшілігін сезінетіндей әрі білімін жоғалтып алудан қорқатын адамша оқыңыздар (Конфуций).
|
Достарыңызбен бөлісу: |