Экзаменационные билеты по русской литературе для учащихся 11-х классов



бет10/76
Дата29.05.2023
өлшемі204,55 Kb.
#177892
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
Экз материал 2019 рус

18-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
«Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. Ал «КТК» арнасы өз жұмысын 1991 жылдан бастады. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы
1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды. Қазақстандық «31 арна» 1998 жылдың 12 сәуірінен бастап хабарлар тарата бастады.
2.«Қазақстан Республикасының телеарналары» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Елде талантты балалар көп болғанымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телесайысына барлығы бірдей қатыса алмайды.



19-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Республиканың білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беретін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер сияқты бірнеше баспалдақтан тұрады. Олар өзара тығыз байланыста. Жалпы білім беру үш кезеңнен тұрады. Олар: бастауыш білім беру (1-4-сыныптар), негізгі орта білім беру (5-9-сыныптар), жалпы орта білім беру (10-11-сыныптар). Бұл Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілген.
2.«Менің сүйікті пәнім» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3.Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айт.
Мысалдар келтіріп, олармен сөйлемдер құрастыр.



20-билет
1.Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Емтихан – оқушылардың білімін тексерудің бір тәсілі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде емтихан ала бастаған. Ресейде тұңғыш рет Мәскеудегі Глюктің мектебінде 1703 жылы емтихан алынған. Содан кейін 1726 жылы Санкт-Петербургтегі гимназияда оқушылардан емтихан қабылданған. 1837 жылы емтихан алудың тәртібі енгізілген. Ал Қазақстанда 1966-1967 жылдары емтихан қабылдау тәсілі енгізілді. Қазір оқушы білімі бес балдық жүйемен бағаланады.
2.«Кісінің көркі киімде емес, білімде» деген мақалдың мәнін қалай түсінесің?
3.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет