Экзаменационные билеты по русской литературе для учащихся 11-х классов



бет6/76
Дата29.05.2023
өлшемі204,55 Kb.
#177892
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Экз материал 2019 рус

Бетінен оты шығу




4-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Әке мен ана ұл-қыздарын «әдепті бол» деп тәрбиелейді. Қазақ отбасында балаларын мейірімділікке, имандылыққа баулыған. Отбасында үнемі осындай тәрбие алған бала өздігінен тіл алғыш, адал, ұқыпты, тиянақты болып өседі. Әке мен ананың балаларына қоятын ең басты талап-тілектері – баласының әдепті, мәдениетті болып өсуі.
2. «Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімеле.
Берілген сөзге толық фонетикалық талдау жаса.
Отбасында





5-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Киіз үйдің алдына құдайы қонақ келді. «Үйдің ішінде біреулер бар ма екен?» - деп ойлады. Үйдің төбесінен шыққан түтінді көріп, ағаштың жанындағы қазыққа атын байлады. Үй иесі есіктің алдына шықты да: «Ассалаумағалейкүм! Төрге шығыңыз! Құдайы қонақ болыңыз!» - деп қуанып қалды.
2. «Қазақтар – қонақжай халық» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3. 1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жаз. Олармен сөйлемдер құрастыр. Көмекші есімдер туралы айт.


6-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Менің отбасымда қолөнермен айналысатын адамдар бар. Олар – әжем мен әкем.
Әжем 70 жасқа келсе де, ине мен жібін қолынан тастамайды. Ол қошқармүйіз, түйетабан, өркеш сияқты ою-өрнектерді әдемі етіп жасайды. Біздің үйдегі көрпелер мен жастықтар әжемнің қолымен жасалған. Ал әкем зергерлік бұйымдар жасайды. Ұлттық өнерді дамытып жатқан өз отбасымды мақтан етемін.
2.М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айт.
3.1-тапсырмада берілген мәтіннен асты сызылған сөздерді көшіріп жаз. Оларды құрамына қарай талда.

7-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жолаушы адам кез келген үйге келіп, қонақ бола берген. Қазақтар «қонақпен бірге құт, береке келеді, қонақты қусаң, отбасынан құт, береке қашады» деп есептейді.
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Қонақтарға қымыз, шұбат береді. Содан кейін
арнайы мал сойып, ет асады. Ет, қуырдақ, бауырсақ пісіріп, әнші-күйшілерді шақырып, көңілін көтереді. «Қазақ халқы – қонақжай халық» деп бекер айтылмаған.

  1. 2. «Қазақ отбасында» тақырыбына әңгіме құрап айт.

  2. 3. Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастыр.


8-билет
1. Оқы. Мәтінге ат қой. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастыр.
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен той жасалады. Ол үшін арнайы ала жіп, көк шөп және тоқ ішек немесе сүрленген қазы дайындалады. «Біреуге жамандық жасамасын» деген тілекпен баланың аяғын ала жіппен орап, сосын жіпті кеседі. «Көк шөптей өсіп, ұрпағы көп, өзі сымбатты болсын» деген тілекпен көк шөппен кеседі. «Бай, қуатты болсын» деген тілекпен тоқ ішекпен немесе қазымен кеседі.
2. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімеле.
3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет