Менің отбасымда алты адам бар. Олар - ата-анам,інім ,екі қарындасым және мен. Мен - үйдің үлкенімін, сондықтан да менің басты жауапкершілігім бауырларыма қамқор бола білу. Ата –анамның әр сөзін ұйып тыңдап , бауырларыма ақылымды айтамын. Әрдайым ата-анамыз адамгершілік, мейірбандық туралы өнегелі әңгімелерді айтып өмірге үйретеді . Ата-анам жылы-жұмсағын бізден аямай, таңнан кешке дейін еңбек етеді. Анам - мектепте мұғалім. Ал әкем - жүргізуші. Екеуі де біздің қажеттерімізді қамтамасыз етіп, біздің ешкімнен кем болмасымыз үшін жанталасып күні-түні еңбектенеді. Ал кешке жұмыстан келгенде үстел басында емен-жарқын отырып тамақтанамыз. Әкеміз күніміздің қалай өткенін сұрайды. Содан соң анаммен бірге кітап оқимыз. Әкем дойбы,шахмат ойнауды үйретеді. Біздің бақытты отбасымыздың әр күні осылай өтеді.