Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық


Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері



бет2/31
Дата30.12.2021
өлшемі116 Kb.
#106748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
культурология каз

1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан «Мәдениеттану» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін “мәдениет” атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазіргі таңдағы жедел даму үстіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялар талабынан өз кәсіби мамандықтарын жете меңгерген, нарықтық замандағы өмір шындығына икемделген, қоғамдағы өз орнын түсіне білетін, ХХ1 ғасырдың талаптарына сай болашақ магистрларды таңдап алу емтиханның басты мақсатына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет