Емтиханның тағы бір мақсаты болашақ магистрлерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.
Емтихан бағдарламасының міндеттері:
адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;
мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;
түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;
қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;
отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.
Достарыңызбен бөлісу: |