Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет25/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
treatise206008

Көшбасшы (ағылш «leader» – жүргізуші, бірінші, алдыға жүруші) – команданың немесе топтың беделді, белсенді мүшесі, ол топтық мақсатқа жетуді анықтап, ұйымдастыратын жəне басқаларды артына ерте білетін адам. Қазіргі ұйымдарда көшбасшы басымдылық рөл атқарады. Көшбасшы команда құрып, жұмысын тиімдірек ету үшін мамандарды біріктіреді жəне олардың қызметін бақылайды. Қазіргі заманғы көшбасшы ұйымның назарында болып, қызметкерлерді ортақ мақсатқа жетуге ынталандыруы керек.
Көшбасшылық - тиімді басшылықтың маңызды компоненті, басқарудың əртүрлі көздерін неғұрлым тиімді үйлестіруге негізделген жəне ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдарды ынталандыруға бағытталған басқарудың ерекше түрі. Ұйымның табысты болуы үшін көшбасшы ұйымдағы көшбасшылықты дамытуға көп уақыт жұмсау керек, өйткені ұйымның жетістігі «көшбасшылық əлеуетке» байланысты. Жаңартылған білім беру мазмұнында анықталғандай, «оқытудағы басқару жəне көшбасшылық» модулі педагогтардан көшбасшы болуды талап етумен қатар білім алушыларды көшбасшылыққа бағыттап, даярлауды қарастырады. Жалпы педагогикалық жүйеде басқарушы менеджердің көшбасшылық сапалары педагогикалық міндеттерді атқаруда педагогикалық ұжым мүшелеріне үлгі, бағдар болуы керек. Ендеше, қазіргі білім беру мекемесінің басшысы «өзі үлгі бола алатын көшбасшы ғана артынан басқаларды сенімді түрде ерте алады» деген қағидаға негіздеп өз стилін қалыптастыруы тиіс. М.Мескон көшбасшылық пен тұлғалық қасиет-сапа арақатынасы туралы фактілерді зерттеп, көшбасшылық топтық мақсатқа жетуде топтың басқа мүшелері іс-әрекетінің бағытына, бақылауына және өзгерістеріне қатысты жетекшілік рөлді атқаратын адам ретінде анықтайды [32]. Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары. Менеджер- басқарушылық қызметті жүзеге асыратын жəне басқарушылық міндеттерді шешетін адам.
Педагог қызметінің жұмысын талдауда бөлу құрамдауыштарында, нақты əрекеттерде педагогтің білім беру мекемесіндегі оқу-тəрбие үдерісін басқару бойынша педагогтің жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеу, бақылау сияқты барлық функцияларын ашады.
Оқу үдерісін жүргізу уақытына қарай оқушыларды тиімді жəне мақсатты топ – жұмыс командасына айналдыратын менеджер болады, менеджердің өкілеттілігінде менеджмент құралдары жəне ең бастысы: мақсаттарды анықтау жəне оларға жетуді жоспарлау, қызметті ұйымдастыра білу, бақылау, нəтижелерді бағалау жəне түзету əрекеттерін жатқызамыз.
Барлық менеджерлерге тəн ортақ қызмет міндеттері: ұйымның мақсатын орындауды ойластырады, жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, жұмыстарды қызметкерлерге бөледі, басқару командаларын құрады, қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасайды, ұйымның қызметіне талдау жасайды, табыс критериилерін анықтайды, адамдардың жұмысына баға береді, қызметкерлердің еңбегіне қарай мансаптарының өсуін қамтамасыз етеді.
Басқарушы менеджерлердің негізгі іс əрекет түрлері: ұйымның негізгі қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; ұйым ішіндегі іс - əрекет түрлерін жобалайды, белгілейді; ұйым үшін стратегияларды əзірлейді; мекеменің мүдделеріне қызмет етуді қамтамасыз етеді; менеджерлер ұйым мен қоршаған орта арасындағы негізгі ақпараттық байланыс болып табылады; олар ұйымның нəтижелеріне ресми тұрғыдан жауап береді; басшылар ресми түрде салтанатты шараларды ұйымдастырады;
Білім беруді басқару саласының менеджерінің көшбасшылық құзыреттіліктері:
Когнитивті құзыреттіліктер- басқару саласында білім беру мекемесінің дамуы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Қызмет құзыреттілігі жаңашылдықты тəжірибелік қызметте қолдану жайлы білім мен дағдыларды қамтиды.
Əлеуметтік құзыреттілік- білім беру мекемесін басқаруға қатыстылық ұстанымын жүзеге асыру менбілім беру мекемесінің ашықтығы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды.
Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары: көшбасшы басшыда өзіне деген сенім; эмоционалды тұрақтылық, өзін-өзі ұстай алу, өзін басқару; стреске қарсы тұра білу; басымдылық таныту, қызметкерлерге ықпал ете алу; шығармашылық , мəселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу, шешуде жауапкершілікті мойнына алу, тəуелсіз болу; жоғары зияткерлік сапалардың когнитивті құзреттілік «білу» қызмет құзыреттілігі «жасау» əлеуметтік құзыреттілік «біріктіру» интербелсенді құзыреттілік «өзара əрекеттесу» болуы; мақсатқа жетуге тырысушылық; тəуекелдерге бара алу қабілеті; тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі, сенімділігі, шыншылдығы, уəдеде тұра алу; жағдайларға байланысты мінез-құлқын өзгерте алуға икемді болу; қарым-қатынасқа тез түсе алу, көпшілдігі; инновациялық үрдістердегі белсенділігі; педагогикалық үрдіске қатысушыларды көшбасшылыққа бастай алу қабілеті; өз қызметінің қоғамдық мəнін түсіну басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет