Интеграциялық ұстаным. Мектептегі білім жүйесінің ашықтығы және мектептегі пәндердің әрқайсысы өз алдына белгілі бір білім жүйесін құрайды және оқушының терең меңгеруіне бағытталады.
Шығармашылық-дамытушылық ұстаным. Менеджмент негізінде басқару барлық субъектілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі болады, әрекеттерге баулу, қиын проблемаларды шешуге көмектесу болып табылады.
Диалогтық (ашықтык) ұстаным. Мектеп ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде өзін қоршаған әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, мәдени орталықтармен, түрлі қоғамдық, жастар ұйымдарымен ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады. Бүл жағдайда басқару үрдісіне қатысушы субъектілердің өзара жағымды әсері нәтижесінде бір-біріне қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
Кері байланыс ұстанымы. Үрдіс пен нәтижеге баға беру әкімшілік тұрғысынан ғана емес, үрдіске қатысушылар тарапынан өзіндік бақылау мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл басқару үрдісіне қатысушылардың құндылықтық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға әсер етеді.
Рефлексиялық ұстаным. Рефлексиялық әрекеттердің енгізілуі басқарудың жаңа жолдарын қарастырады. Бұл жағдайда мектеп ұжымының тұлғалық бағдарлы педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға дайындығы, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияға дайындығы инварианттық талап ретінде алынып, оның вариативтік бөлігіне мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға даярлығын, озық тәжірибені игеруге, таратуға, пайдалануға даярлығын, педагогикалық ғылым мен тәжірибені байланыстыра білуі және оны практикаға енгізуге рефлексиялық даярлығын жатқызамыз.
Менеджмент негізінде басқару жүйесі төмендегі рефлексиялық логикаға құрылады.
• Әдіснамалық рефлексия (педагогикалык зерттеулер орталығы)
Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы, оның білім беру жүйесінде дамыған елдердегі білім беру тәжірибесі жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп отыр. Еліміздің экономикасы мен әлеуметін арттыратын жастардың білім алуы заман қажеттілігі сай даму үстінде.
Қорыта келе, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі – қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған көкейтесті мәселе. Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту, Оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын орындау. Әдістемелік жұмысты жандандыру. Педагогикалық кадрлармен жұмыс жүйесін жаңарту. Ал бұл, білім беру саласындағы өзгерістер, ізденістер тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу ғана емес, сонымен қатар жаңа мәдени құндылықтарға байланысты ұрпақты тәрбиелеуге, дамуына бағыт береді.