Құндылықтық-мотивтік: тұлғаны инновациялық әрекеттерге әкелетін өз құндылықтары жүйесі, ынтасы, қажеттіктері, белсенділігі;
Мазмұндық-әдістемелік: оған тұлғалық және кәсіби дамуы арқылы игерілетін инновациялық білімі мен әдіс-тәсілдері;
Рефлексиялық: педагогикалық әрекет барысындағы талдау және нәтижені қорыту. Әрекет барысын, нәтижесін рефлексиялық талдай білу басқарудың жаңа бағыттарының инновациялық әрекеттердің іске асырылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
М.М.Поташниктің айтуынша, қазіргі мектептердің демократиялық үрдіске бағыт алуы шын мәнінде, өз бетімен аса жауапты проблемаларды шешуге қабілетті жаңа адамға сұранысынан туындайтыны белгілі.
Менеджмент негізінде мектепті басқару :
Табиғатпен сәйкестік ұстанымы. Мектепті басқару арқылы оқушы табиғатына сәйкес төмендегі әдістемелік тәсілдер жүзеге асырылады: оқушы өз бетінше ізденеді, мұғалім мәселені шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсынады; бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсынады; құбылысты әртүрлі позициядан қарастырады.
Мәдениетпен сәйкестік ұстанымы. Бүгінгі талап барысында оқушыларды адамзат құндылықтарын меңгеруге бағытталғандықтан басқаруда мәдениетпен сәйкестік ұстанымын негізге алу арқылы ізгілендіру, оқушылардың , мұғалімдер мен ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы арқылы ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады.
Синергетикалық ұстаным. Синергетика-адамның табиғатты, қоғамды және өзін, оның болмысының мағынасын білудегі жаңа бағыт.
Менеджментте педагогикалық қызметті басқару өзін-өзі дамытатын, басқара алатын жүйенің бір сапалық жағдайдан келесі сапалық жағдайға өтуі арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір құрылымның ішіндегі элементтердің өзара байланысын зерттейтін синергетика ұғымы біздің елімізде 80 жылдардан бері қолданыла бастады. Оның мәні өзін-өзі ұйымдастыра алу, өзін-өзі басқара алу, өзін-өзі дамыта алу болып табылады.