Әдістемелік жұмыс – бұл кадрларды оқыту және дамыту, ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне сай оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету. Ол әрбір мұғалімнің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқару) шаралар, педагогикалық ұжымның білімділік мүмкіндігін дамыту және арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру. Әдістемелік жұмыста әр мұғалімнің әдістемелік шеберлігі шыңдалады, әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады. Әдістемелік жұмыстың мақсаты - мғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру және мұғалімнің. деңгейінің өсуі мектеп мұғалімдерінің ақпараттық, кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу.
Мұғалімдерді шығармашылық педагогикалық ізденуге жетелеу;
озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу, үздік жетістіктерді насихаттау;
Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Мектептегі. әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.
Әдістемелік бірлестікте:
оқушының білім алу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесі, пән бойынша оқудан тыс жұмыстар талданады;
білім беру үдерісін қажетті әдістемелік-бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;
пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарланады;
әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады;
пән кабинеттерінің жабдықталуы талданады;
мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;