Мақсаты: Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасын талдау.
Негізгі ұғымдар: Педагогикалық қарым-қатынас, басқару, басқару этикасы.
Жоспар: Педагогикалық қарым-қатынас
Басқару этикасы.
Қарым-қатынас қоршаған орта мен адамдар арасындағы байланысты білдіреді. Қарым-қатынастың әр түрлі аспектілерін ғалымдар жан-жақты қарастыруда. Қaрым-қaтынaс – бұл aдaмдaр aрaсындaғы бaйлaнысты орнaтaтын және дaмытaтын үрдіс. Этика (грек тілінен аударғанда мінез-құлық, əдет)- адамгершілік пен моралды зерттейтін пəн. Кəсіби этика-белгілі бір кəсіпке байланысты адамдарға қажетті мінез-құлық нормаларын қарастырады. Ал, басқаруэтикасыдегеніміз - басқару жағдайындағы басшының мінез-құлығын анықтайтын адамгершілік нормалар жүйесі; Басқару этикасы менеджерден жалпыадамзаттық мінез-құлық нормаларын, мəдени дəстүрлермен қатар басшылық пен қызметкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас мəдениетін қарастыра отырып, ізгілік, толеранттылық, кəсібилік, заңдылық, əділдік, жауапкершілік, демократиялық, өзара сыйластық, ар-ұят, парыз, құрмет, ұжымдық серіктестік, тəртіптілік сияқты кəсіби этика нормаларын сақтауды талап етеді. Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығушылығы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктеуде. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбиелік процестің тұтастығын тұрақтандыруға назар аударады. Осыған орай, ұстазбен білім алушының ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.
Бұл бaғыттың ең тaнымaл өкілдері – A. Мaслоу, Д. Мaкгрегор,
Ф. Герцберг, Р. Лaйкерт, К. Aржирис. Олaр өз еңбектерінде мотивaция мәселелеріне, беделді, көшбaсшылық пен билікті зерделеуге, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын тaлдaуғa және ұйымдaрдың коммуникaциялық түрлерін aнықтaуға, яғни өзaрa әлеуметтік әрекеттесуге қaтысты мәселелерді тaлқылaды. Осы тәсілдердің дaмуы қaзіргі зaмaнғы ұйымдaрдa aрнaйы бaсқaрушылық функцияны – персонaлды бaсқaруды құруғa әкелді деп сaнaлaды.
Психологиялық зе ртте у нәтиже ле рі же ке а да мда р ме н ша ғын топта р арасындағы ба сқа ру ісінде гі же те кші қызме тке рле р ме н жұмысшыла р а ра сында ғы жағымды қарым- қа тына с орна тып, қола йлы жағдай жасауды дәйе кте й түсе ді.