Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультеті
«5В020500»-Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті Әлі Жансая
Нені аңсаймын?
Нені аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын!
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаңның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар!
Мұқағали Мақатаев
Берілген өлең шумақтарындағы әрбір екі тармақ бір синтаксистік тұтастықпен, құрмалас
сөйлемнен тұрады. Шумақтардағы әрбір екі тармағы өзара тізбектеле параллель
байланысқан. Өлең жолдарының алғашқысын соңғылары толықтырып, анықтап тұр.Өлеңнің
алғашқы шумағы сұрақ қоюмен басталып, қалған шумақтары сол сұраққа жауап ретінде
құралған. Бірақ өлеңге ерекше көркемдік сипат беріп , оны күрделі тұтастыққа айналдырған
қорытынды шумағы себеп-салдар сабақтас құрмалас сөйлем.
Жалпы келтірілген үзіндінің семантикалық негізін бір өлшемді тізбектік изотопия құраған:
«туған өлке, аңсау,сүю» сөздері оларға ортақ классема –«арман,мақсат». Бұл өлең жолдарын
автор туған жеріне арнау түрінде жазған. Яғни, сөйлем ішіндегі бір өлшемді тізбектік изотопия
құраған сөздер тақырыптың негізі болып тұр.
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар! Соңғы екі жолында ақын балалық шағын аңсайды.
Автор өлеңді осындай ортақ семамен тізбектік байланысқа және де мағыналық үдеріс
арқылы тұтастыққа жете алған.
Достарыңызбен бөлісу: |