Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау мамандығы



Дата20.03.2020
өлшемі130,84 Kb.
#60508
Байланысты:
психология 10 апта мөж


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау мамандығы

МӨЖ: Ұйымдағы қақтығыс, дау-дамай (конфликт) және олардың психологиялық себептері

Орындаған: Кесикбаева А.

Тексерген: Сейітнұр Ж.

Алматы, 2020

Адамдар ерте заманнан бастап жер бетінде қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер жойылып, бейбіт өмір болса екен деп армандаған. Бірақ, асқақ армандарына қарамастан, олар уақыт өте келе қайта-қайта қақтығыстар мен соғыстарға тап болып отырады. 

Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин – конфликт қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.

Конфликт латын тілінен аударылғанда кезде қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Бұл оппоненттердің немесе субъектілердің ара қатынасындағы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың қызығушылықтардың, позициялардың ойлардың немесе көзқарастарының қақтығысуы. Кез-келген конфликтінің негізінде қандай да бірсылтаудағы қарама-қарсы бағыты бар жағдай жатыр немесе мақсаттарымен тілектерінің және қызығушылықтарының сәйкес келмеуі. Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт – жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.

Конфликт дегеніміз – адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Конфликт" ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.

Ресей ғалымдары А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов былай деп айтқан: "Өмір-бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".

Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:



1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде конфликт инициаторына қарсы әрекет етеді;

2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;

3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде белсенді әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.

Конфликт элементтері:


  • Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы
  • Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі
  • Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған мінез-құлық
  • Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану
  • Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы
  • Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы
  • Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік
  • Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.

Конфликтінің түрлері.

1. Ашық және жабық конфликт

2. Мотивациялық конфликт

3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті

4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт

5. Статустық конфликт

6. Жеке және топтық конфликтілер

7. Таңдау конфликтісі

8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті

9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті

10. Қажеттілік конфликтісі

11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.

Конфликттің негізгі 5 типі бар, олар:


  • Тұлғаіштік
  • Тұлғааралық
  • Тұлға мен топ арасындағы
  • Топаралық
  • Әлеуметтік конфликт

Тұлғааралық конфликт ең көп тараған конфликт типі және ол тұлғаіштік конфликпен тығыз байланысты. Бұл конфликт түрлі көзқарастар мен құндылықтарға немесе жеке тұлғалар арасында көрінуі мүмкін. Оған отбасы конфликтерін де жатқызуға болады: ерлі зайыпты, ата-ана, бала, ерлі зайыпты-туыстар арасындағы конфликтер. йымдарда тұлғааралық конфликт түрліше көрініс конфликтің негізгі себебін мінездің табады. Көптеген жетекшілер бұл сәйкес келмеуінен көреді. Шынында да, мінез-құлықтың, көзқарастардың ерекшелігі себебін, бір-бірімен қатынас орната алмайтын адамдар бар. Бірақ, бұл конфликтердің себебі-объективті. Көбінесе бұл-шектелген ресурстар үшін күрес: материалды тәсілдер, өндірістік аудандар, т.б.

Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:
  • «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия);
  • «Тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қатынастардан қанағаттанбау нәтижесі» (В. Мерлин);
  • «Санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоқтығысуы» (Ф. Василюк және т.б.);

Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себептерге негізделеді. Олар: объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық және жеке тұлғалық:
  •  Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себептері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектив себептер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.

Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив себептер комплексі бар. Олар:


  • Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және рухани қызығулардың табиғи қақтығысы;
  • Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық жете жетілмегендігі;
  • Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен;
  • Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі;
  • Ұлттар арасындағы жеке тұлғааралық және топаралық қақтығыстардың болуы.

2. Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептеріне – ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:

Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.

Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар молая түседі.

Конфликтінің алдын-алу Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті. Бұл ережелер сәтті болу үшін, ол принципке айналуы керек. Кейде манипулятор-адамдар кездеседі. Олар саналы түрде манипуляцияны өз пайдасы үшін қолданды.

Берілген түсініктерден ең кең тараған түрі конфликтің шешілуін неше түрлі жолдармен шешу. Конфликті шешудің негізгі формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтіге ауытқу.

Конфликттің шешілуі-бұл бірге жүретін әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешілуі екі жақтың да белсенділігін талап етеді, олар кнфликтің себебін жоюға тырысу керек. Конфликтіні шешу үшін, оппонент өзгеруі керек немесе біреуі өз ойын өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның бір-біріне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
  • А.Я.Ансупов, С.Б.Баклоновский Конфликтология в схемах и рисунках Питер 2007 стр127-128.
  • Ж.Б.Қоянбаев Р.М. Қоянбаев Педагогика. Алматы- 2000.
  • «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал. Астана 2007.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет