Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі білім беру факультеті жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасы



Дата30.04.2017
өлшемі56,83 Kb.
#15238
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

аға оқытушы Тилеужанова Г.Т.,

ф.ғ.к., аға оқытушы Тастемирова Г.А.,

аға оқытушы Сапаева Г.Е.
Қазақ тілін оқытудың бастапқы сатысында тыңдаушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Тіл – қоғамдық құбылыс. Тіл – адамдар арасындағы байланыс. Тіл арқылы ойын, сезімін білдіреді. Тіл, сөйлеу – ежелден бері жеке адамның да қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу – адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу- тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Сөйлеу – коммуникативтік функция атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығаратын құрал. Тілдің жасаушысы – халық. Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастардың басты әрі жиі көрінетін формасы. Қазақ тілі білімі баста сөйлеу фактілерін зерттеуден басталған-ды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнеге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау әрі рахат нәрсе, олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды.

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың, ұлттың ұлттық сана-сезімнің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады.

Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Линвистикалық негізгі  обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу -адамзаттың іс - әрекетінің ерекше формасы.Сөйлеу адамзаттың ойлауымен тығыз байланысты. Тыңдаушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға оқытушының көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады.  Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу - адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады. Қазақ тілін оқытудың бастапқы сатысында тыңдаушыларды ауызша сөйлеуге үйрету монолог және диалог түрінде іске асырылады.

Монолог –тыңдаушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын білдіру үшін жеке  тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, мәлімдемелер жасайды.

Диалог – тыңдаушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өзара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.

Сөйлеу әрекеті кезінде тыңдаушысы оқытушының іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілігі бар. Бұл тыңдаушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында тыңдаушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді. Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:

1) ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді;

2) ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;

3) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Іштей оқуға көңіл бөлу керек. Оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады.

Әңгімелесу-тыңдаушының тілінің қалыптасуына көмектеседі. Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы тыңдаушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы, олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу барысында оқытушы сұрақты бір тыңдаушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық тыңдаушыларға (жаппай) қояды. Жұптық жұмыстың да тіл үйретудегі алатын орны ерекше. Тыңдаушылар белгілі бір тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады.Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету,тыңдаушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Тіл үйретудің негізгі шартты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп, жаттықтыра беру.Әңгімелесу әдісінің артықшылығы тілді дамытады. Тыңдаушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Тыңдаушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя сияқты жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар берілген мәтіннің мазмұнын айту, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Бұл тыңдаушының тілін дамытып отырады. Мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен дұрыс.

Тілді меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың орны ерекше. Тыңдау- есту қабілетімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады.Қазіргі кезде тілді меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Тыңдау қабілетін ұнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейне жаттығулар мен аудиомәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор.

Ауызша сөйлеуге үйретудің мақсаты – естігенін түсіне білуге үйрету. Оны сурет арқылы, екіншіден – жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады. Тыңдаушының ауызша сөйлеуге жаттықтыруда ескеретін жағдай- тыңдаушылардан сабақ сұрау уақыты. Ойын түрін қолдану тыңдаушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Рөлдік ойындар - сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.Оған тыңдаушылардың түгел қатынасуы шарт. Тыңдаушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттырады. Ойын  тыңдаушылардың бірігіп  жұмыс  істеуіне мүмкіндік  туғызады. Тілдік ойындар мақсатына қарай: лексика - фонетикалық, грамматикалық болып екіге бөлінеді. Бұлай бөліну шартты түрде ғана, себебі лексиканы фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес. Ойын сабақта тыңдаушылардың меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді бір- бірімен байланыстырып сөйлем құрау, тыңдаушыға өз ойы жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру үшін грамматикалық ойындар қолданған аса тиімді.

Тыңдаушыларды қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір оқытушы өз бетінше ізденеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007



2.«Ізденіс» журналы №1 2005

3. «Педагогика мәселелері»- ғылыми –теориялық журнал 1-4\2007.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет