«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» кеақ Ғылыми кеңес отырысында


Электронды спектроскопия әдістері. УК-спектроскопия



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата08.11.2023
өлшемі193,95 Kb.
#190385
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Наномат. и нанотехнологии каз

Электронды спектроскопия әдістері. УК-спектроскопия. 
Эмиссиялық УК-спектроскопия әдісін екі атомдық молекулаларды зерттеуде қолдану. 
Көрінетін аймақтағы абсорбциялық спектроскопия. Көрінетін және УК-аймақтарында 
қолданылатын абсорбциялық спектроскопияның техникасы мен әдістемесі. Зерттелетін 
үлгілер. Әдістің сезімталдығы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. 
Электронды парамагнитті резонанс әдісі. 
Электрондық парамагниттік (спиндік) резонанс және ядролық магниттік резонанс 
құбылыстарының физикалық негіздері. Ядролар мен электрондардың спиндері мен магниттік 
моменттері. g-фактор және оның мәні. g-фактордың анизотропиясы. Спин-орбитальді 
байланыс. Спиндік күйлерді тұрақты магниттік өрісте азғындықтан босату. ЭПР шарты. 
Энергия деңгейлерінің электрондармен толықтырылуы, қанығуы, релаксациялық процестер 


және сигналдың ені. Сызықтың түрі. ЭПР сигналының электрон бір немесе бірнеше ядромен 
әрекеттескендегі аса нәзік бөлінуі (АЖҚ). Мультиплет компоненттерінің саны, 
интенсивтіктерінің таралуы. АЖҚ тұрақтылары. ЭПР-спектрометрінің блок-сызбасы, 
тәжірибенің ерекшеліктері, әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері.
ЯМР әдісі.
ЯМР шарты. Релаксация процестері. ЯМР спектрлердегі химиялық ығысу және спин-
спиндік бөліну. Ядроны экрандау тұрақтысы. Салыстырмалы химиялық ығысу, оны анықтау 
және химияда пайдалану. Ядролардың спин-спиндік әрекеттесуі, оның табиғаты, 
мультитплет компоненттерінің саны, интенсивтіктерінің таралуы, қосындылар ережесі. 
ЯМР-дің бірінші және бірінші емес ретті спектрлерін талдау. Протондық магниттік резонанс,
13
С және басқа ядролардағы ЯМР. Қос резонанс әдісі. Тәжірибенің техникасы мен әдістемесі. 
ЯМР-спектрометрдің блок-сызбасы, спектрометрлердің түрлері. Үлгілер түрі. Құрылымдық 
анализ. Комплекстүзілу процестерін зерттеу. Жылдам жүріп өтетін процестерді зерттеу. 
Ядролардың химиялық поляризациясы. ЯМР әдісін басқа әдістермен салыстыру, оның 
артықшылықтары мен кемшіліктері. Лазерлік магниттік резонанс (ЛМР) спектроскопияның 
принциптері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет