Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Тақырып 8 дәріс. Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері



бет27/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)

Тақырып 8 дәріс. Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері.


Түйінді сөздер: Мемлекеттік қаржылық бақылау, бақылау жүргізетін өкілетті органдар, бақылау объектілері мен субъектілері және т.б.


Негізгі сұрақтар:


  1. Мемлекеттікқаржылық бақылауды құқықтық реттеу қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институт ретінде: түсінігі, маңызы, нормативтік-құқықтық базасы.

  2. Мемлекеттікқаржылық бақылау: түсінігі, элементтері, принциптері, салалары, топтастырылуы.

  3. Мемлекеттқікаржылық бақылаудың маңызы, негізгі әдістері, түрлері, мамандандырылған қаржылық және басқа да уәкілетті органдары.



Тезис:


Республикалық қаржы комитетінің қызметінің құқықтық негіздері. Қаржы бақылау
комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвтосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері:

    1. Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

    2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын және әдістемесін әзірлеу.

    1. Қойылған міндеттерге асырады:

әсйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге

    1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында ортқалы

мемлекеттік органдардңы үйлестіреді;
ішкі бақылау қызметтерінің іс -әрекетін

    1. Орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

    2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізудің тиісті кесімдерін, сондай-ақ хабарлық үшін тиісті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді.

    3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуын анқытау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;

    4. Обьектілер лауазымды адамдарыңныреспубликалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудағы іс-әрекеттерінде қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайларда бақылау материалдық, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына береді;

    5. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін көтеруді және қайта д аярлануын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;

  • республикалық бюджетке түсімдер: шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалықмемлекеттік кәсіпорындар таза тыбысының үлестері, акционерлікқоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан алынған қаражаттар толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметі.

Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сатып алу-сату республикалық
мемлекеттік үмлікті жалдау, сондай -ақ Қазақстан Ресвпубликасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті өтінуі болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы.
Республикалық бюджеттен берілген бюджет қаражаттарының, оның ішінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы.
Республикалық бюджет, оның ішінде мемлекет тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алған қаражатты пайдаланудың тиімділігі.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беру.
Бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және орындылығына баға беру.

  • өздері белгілеген мерзімде бқаылау обьектілерінен республикалы қ және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер сұрау және алу;

  • орталық атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінен жоспарлар, есептер және өзге де қажетті ақпарат алу;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау обьектілерінің лауазымды адамдарын тыңдау;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарту;

  • заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің саталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;

  • нормативтік қ ұқықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлеу;

  • акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе ішкі бақылау органдарының қызметкерлерін акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кіргізуді ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет