Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет1/53
Дата08.02.2022
өлшемі157,05 Kb.
#122501
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ЛЕКЦИЯЛАР (1)


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Бағыты: 6В04205-Юриспруденция, 6В04203-Кеден ісі, 6В04202-Корпоративтік құқық, 6В04202-Мемлекеттік қызмет, 6В04204-Қаржы құқығы

Пән: Қаржы құқығы


Дәріс сабақтарының тезисы


Тақырып 1 мәселелері»


әдріс «Қаржы жүйесі және мемлекеттің қаржылық қызметінің

Түйінді сөздер: Қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржылар, мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттің ақшалай қорлары және т.б.


Негізгі сұрақтар:

  1. Қаржы және мемлекеттің қаржылық қызметінің түсінігі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мақсаты, міндеті және қағидалары.

  1. Қаржы жүйесі және оның құрамы.

  2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістері мен нысандары.

Тезис:


Қазақстан Республикасының қаржы құқығы пәнін оқуды бастаудан бұрын біз қаржылардың ғылыми тұрғыдан мағынасы мен экономикалық табиғатын анықтауымыз қажет.
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқаратын рөлі өте зор. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын қызметін білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар күн өлшеу, айналым, айырбас және т.б құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал, қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген қызметтерді орындау, қоғам және экономикаға мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады. Қаржылар сатып алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жайт, ақшаларды пайдалану А - Т және Т- А процесінде тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу пайыздан асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ, онда оның негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланыста болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін , түрлерін және тәсілін білдіреді.

Үшіншіден, қаржылар арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады.
Сонымен, қорыта келсек, экономикалық категория ретіндегі қаржыларды өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек бір жақты қозғалысын білдіруі.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көз қарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып өкрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы А.И. Худяков «қаржы» термині латынның «финис»,яғни қандай да істің бітуі арқылы немесе төлемнің, жалақының төленуі мерзімі деген сөзден туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде «финанс» міндеттіқша алай төлем деген мағынада айтылған болатын. XVIII ғасырда француздар «финанс» деп мемлекеттің шығыс пен кірісін, мемлекет мүліктері жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болатын. Ал, қазіргі кезде
«финанс»- қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар көптеген жағдайларда қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деген түсінік қалыптасқан. Ал, экономистер азаматтардың, мемлекеттің, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөлінеді. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Сонымен, қорыта келгенде, қаржылар деп мемлекеттің ақшалай кірістерін
қалыптастыру, өблу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық
қатынастардың жүйесін айтамыз.
Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ, « қаржы» терминінің екі категориядан тұратынын көреміз: материалдық және экономикалық. Материалдық мағынада «қаржы» деп, мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай, күнделікті өмірде, халық арасында қаржыны көбінесе ақша деп түсінеді. «Финансымыз таусылды», «Финанс жағынан қиналып тұрмыз» деген сөздерді әрқайсымыз жиі естіп жүрміз. Қаржы мен ақшаның айырмашылығын айтып өткенбіз. Сондықтан, қаржыны ақша деп түсінген қателік. Өйткені, қаржылар, жаңа айтып кеткендей, тек мемлекеқтарамағындағы ақша қаражаттары қорларының түрле рі болғандықтан, олар тек мемлекетке мүдделі, яғни мемлекетпен тығыз байланыста. Сонымен қатар , қаржыларды мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының ең басты және бірден-бір материалдық тірегі, деп айтсақ дәлірек болар . Ал, егер қаржыларды ақша деп түсінсек, онда олар тек мемлекетқорларындағы ақшалар ғана. Жаңа, кейде қателесіп , қаржыны ақша деп атап жүрміз дегенбіз. Бұл жағдайда күнделікті өмірде өзіміз жұмсайтын қолымыздағы жалпыға бірдей эквивалентті – нақты ақшаларды айтқанбыз.
Экономикалық категория ретінде «қаржы» деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай -ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Сонымен, қаржылар терминінің мағынасын анықтадық.
Енді мемлекеттің қаржылық қызметіне, оны жүзеге асыру әдістері мен құқықтық негіздеріне және формаларына тоқталайық.
Мемлекеттің қаржылық қызметі, басқару қызметінің бір түрі болғандықтан, сондай- ақ басқару термині бұл аяда кең мағынада, яғни мемлекеттің уәкілетті органдар мен басқару органдарының қызметін қамтитындықтан көрініс табады. Мемлекет мақсатты және жоспарлы түрде өзінің және қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыруға , қамтамасыз етуге қажетті орталықтандырылған және орталықтандырылма ған ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесін жүзеге асырады, сондай-ақ осы ақша қаражаттары қорларының, яғни қаржылардың иесі болып табылады.
Қаржылардың көмегімен мемлекет өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді іс жүзінде жүзеге асырады. Осы қаржылардың мемлекеттің материалдық базасы екенін және өсіп дамуына ықпал тигізетінін білеміз. Мемлекеттің қаржылық қызметі барысында
мемлекет (немесе онңы уәкілетті органы) экономикалық қаржылық қатынастардың субъектісі болады, сондай-ақ осы қатынастар қаржылық-құқықтық қатынастарға айналғаннан кейін де сол мәртебелері сақталып қала береді. Сондықтан, қаржылық- экономикалық қатынастар әрқашанда императивтік нысанда, яғни өктем ұйымдастыру түрінде жүзеге асырылады.
Сонымен, мемлекеттің қаржылық қызметі деп, өз меншігіндегі ақша қаражаттар қорларын қалыптастыру, бөлу және оның дұрыс пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс-әрекетін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметі іс жүзінде барлық шаруашылық субъектілерін қамтиды. Мемлекеттің ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметтің процесінде қаржылардың үш қызметі жүзеге асырылады.
Бірінші қызметінің мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осықызмет арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өз мұқтаждығын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек қаша қаражаттарын
қалыптастыру ғана емес екендігін білеміз. Сондықтан, екінші қызмет, мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне пайдаланудан тұрады.
Үшінші қызмет – мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланулары кезіндегі барлық әрекеттерін дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Енді мемлекеттің қаржылық қызметін, мақсатын, міндетін және негізгі қағидаларын қарастырып өтейік.
Қаржылық қызметтің негізгі мақсаты- қоғамның әлеуметтік-экономикалық қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Мемлекет өз қаржылық қызметін орындау барысында мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді: қоғамның мүддесіне бағыну және оған есеп беру; жариялық; заңдылық; жоспарлық және нормаға сәйкестік; ақша қаражаттарын жұмсау барысындағы оны үнемдеу және құнттау. Мемлекеттің бастапқы пайда болған кезінде мемлекеттік қаржылар ешқандай түрлерге бөлінбей, тек қазына деген түсінікпен аталған. Алайда мемлекеттің қызметінің дамуы барысында және оның әкімшілік-территорияларға бөлінуі мемлекеттің қаржыларын белгілі бір жүйе құруға әкеп соқты. Соңында қаржылар мемлекеттің ақша қорларының жиынтығы ретінде белгілі бір қорларға бөліне бастады.
Қаржы жүйесінің институттары:

  • бюджет жүйесі;

  • белгілі бір мақсатпен құрылған бюджеттен тыс қорлар;

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары;

  • сақтандыру;

  • несие беру.

Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің институ ттары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Құқықтық нысан дегеніміз, ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларға сәйкестендірілген немесе құқықтық нормаларды іс жүзінде қолданатын әрекеттері.
Қаржылық процесінде қолданылатын нақты құқылық нормалар толық – өктем және атқару- өкім ету түрінд жүргізіледі. Сонымен қатар бұл процеске барлық мемлекеттік органдар қатысады.
Мемлекеттік органдарқаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде уәкілеттіліктер көлемінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру , сондай-ақ пайдалануы жөнінде бақылау жүргізу саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін қаржылық-құқылық актілерді қабылдайды. Осы актілерді қабылдау мемлекеттің қаржылық қызметінің құқылық формасы болып табылады.
Қаржылық-құқылық актілер төмендегідей болып келеді: нормативті қабілеті бар заң
актілерін қ(аржылық заңдар) қабылдау; дербес қарж ылық-құқықтық шарттар жасау;
мемлекеттің өз құқықтары мен міндеттерін нақтылы бір қаржылық құқықтық қатынастарда жүзеге асыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет