Сондай- ақ, қаржылық- құқықтық нормалар реттеу пәніне қарай: материалдық және ұйымдастырушылық қаржылық- құқықтық нормалар болып бөлінеді.
Материалдық қаржылық- құқықтық нормалар қаржылық - құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды құықтары мен міндеттерінің материалдық (ақшалай) мәні болып табылады.
Яғни, азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекет алдындағы ақшалай міндеттемелерінің түрлері мен көлемін, мемлекеттік банктің кредиттік ресурстарын қалыптастыратын түсім көздерін бекітеді.
Ұйымдастырушы қаржылық- құқықтық нормалар – мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру саласында қызмет тәртіптерін белгілейді.
Әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Оның құрылысы белгілі құрамды бөлшектерден тұрады: гипотеза (болжам), диспозиция (мінез-құлық ережесі ) және санкциясы (жаза, шара).
Құқықтық норма гипотезасы- құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норма бөлшегі.
Бұл жерде қаржылық- құқықтық нормалар гипотезасы бірнеше нақты белгіленген шарттардан тұрақты және күрделі формада кездеседі.
Диспозиция- қалай жүріп-тұру шарты, яғни құқықтық нормалардың негізгі элементі болып табылады. Ол,құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез -құлқы қандай болу керек екенін анықтайтын құқықтық норма бөлшегі. Яғни, диспозиция құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны, өзегі.
Диспозиция субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін дәл және үзілді -кесілді көрсеткені сондай, олардың басқаша жүріп -тұруларына мұршалары келмейді. Сонымен , диспозиция- мемлекеттің
ақша қаражаттарын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір әрекеттерді жасауға ғана талап қояды, яғни тәртіп қағидасының мағынасын дәл көрсетеду.
Диспозиция үш түрлі болады:
А) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылса;
Ә)бейнеленген диспозиция, егер мінез-құлықтың барлық мәнді беогілері анықталса;
б)сілтеме, егерқұқықтық норма диспозициясы анықталмаған басқа құқықт ық нормаға сілтесе.
Санкция- жазалау шарасы, ғяни қаржылық -құқықтық нормалардың талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары. Санкция арқылы әрқашанда құқықтық талаптардың орындаулары қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар ақшаға байланысты болады және норма талаптарын бұзушыларға міжбүр ету шаралары ақша қаражаттары мен қорлары арқылы қолданылады. Мысалы, уақытында төленбеген төлемдер үшін
өсім пұл алынады, қаржыландыру немесе несиелеу доғарылады, немесе банктік кредит пайдаланғаны үшін көтерінкі банктік есептеу ставкасы - процент (пайыз) төлеу міндеті артылады.
Қаржылық-құқықтық санкциялар өз құрылымында бұзылған қаржылық-құқықтық нормаларды (ғяни, құқықтарды қалпына келтіретін элементтерді және жазалау элементтерін) біріктіреді.
Жоғарыда аталған қаржылық-экономикалық шаралардан басқа қаржылық тәртіп бұзылған кезде әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.