Тақырып 2 дәріс. Қаржылық құқық - құқық саласы ретіндегі өзекті мәселелері
Түйінді сөздер: Қаржылық құқық, қаржылық құқықтың пәні, қаржылыққұқықтыңәдісі,қаржылыққұқықтың жүйесіжәнет.б.
Негізгі сұрақтар:
Қаржы құқығының пәні мен түсінігі.
Қаржы құқығының реттеу әдістері.
Қаржы құқығының жүйесі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздері.
Тезис:
Қаржы түсінігін өткенде, біз оның екі мағынасын ашып көрсеткен болатынбыз. Яғни, материалдық мағынада қаржылар мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын, ал экономикалық категория ретінде қаржылар мемлекеттің ақша
қаражаттары қорларын қалыптастыратын, бөлетін және пайдаланудыұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін білдіреді деп айқанбыз.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарынан іс-әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылатынын білеміз. Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржы құқығының пәні болып табылады.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады.
Қаржылық-экономикалық қатынастардың өздеріне тән белгілері бар, олар: біріншіден, бұл қатынастар ақшаға байланысты қатынастар болып табылады. Бірақ ақшаға байланысты қатынастардың бәрін бірдей қаржылық қатынастар деп айта алмаймыз.
Мысалы, қаша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастар қаржылық қатынастарға
жатпайды. Өйткені, «пайдалану» терминінің экономикалық мағынасына тоқталсақ, ол
«пайда табу», «пайдақылу» деген мағынада айтылады. Ақшаның өзіндік тұтынушылық құны жоқ. Тұтыну құны деп белгілі бір заттың өзіндік пайдалылығын, адам мұқтажын қанағаттандырарлық мүмкіншілігін айтамыз. Сондықтан ақшаны пайдалану экономикалық қатынастың бір түрі, айырбас процесінде ғана жүзеге асырылады, яғни ақша тауар қатынасында. Ал бұл қатынасты азаматтық құқық пәніне жатқызамыз.
Екіншіден, қаржылы қ қатынастар мемлекеттің өсіп-дамуымен, өркендеуімен болады және осы мемлекеттің қызметін жүзеге асыру процесін ақшалай қатамасыз етеді. Сондай-ақ, қоғам мұқтаждығы мен мүддесіне қажетті ақша қаражаттары қалыптастырады.
Үшіншіден, қаржылық қатынастар арқылы қаржылардың өткен тақырыпта айтып кеткендей, үш қызметі жүзеге асырылады.
Төртіншіден, бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде пайда болады. Бесіншіден,қаржылық қатынастардың өздеріне тән, ерекше қасиеті бар, олар балама түрде к ездеспейді. Балама түрде болмайтын себебі, олар «ақша -тауар», «тауар- ақша» қатынастарын жүзеге асырмайды. Қаржылық қатынастар тауар түріндегі құнның біржақты қозғалысын ғана білдіреді. Алтыншыдан, бұл қатынастар экономикалық қатынастар болып есептелгендіктен базистің құрамына жатады. Жетіншіден, қаржылық қатынастар әрқашанда құқықтық нысанда кездеседі және олар қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде болады. Сонымен мемлекеттің алға қойған мақсатын жүзеге асыруға қажетті ақшаны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар құқықтық реттеуді керек етеді.
Енді осықоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық -экономикалық қатынастарды құқықпен реттесек, қаржылық-құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қаржылық- құқықтық қатынастарды мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде пайда болатынын және оның тек қаржылық құқық пәні болып есептелінетінін есте сақтау қажет.
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, олардың ақша қатынастарын реттейтін азаматтық, еңбек және
басқа да құқық нрмаларынан айырмашылғы бар екенін көрсетеді. Осы
айтқандарымызды қорыта келсек, қаржы құқығы деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Қаржы құқығының ғылымы деп, қаржылық құқықтың құқық саласы ретіндегі мағынасы, рөлі мен маңызы туралы, сондай-ақ дамуы туралы түсініктемелер мен ілімдердің жиынтығын айтамыз.
Қаржы құқығы ғылымының негізін қалап, дамытқан, көптеген қаржылық-құқықтық ғылым көзқарастарын дүние жүзілік көлемде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, ілімге айналдырған бұрынғы кеңестер одағының осы саладағы көрнекті ғалымдары В.В.Бесчеревных, М.И.Ровинский, Н.И.Химичева және т.б. атап өтуге болады.
Қазақстан бойынша осы қаржы құқығы ғылымы саласында талай жылдар бойы ат салысып келе жақтан А.И.Худяков, С.М.Найманбаев – Қазақстан Республикасындағы қаржы құқығының негізін қалаушылар.
Қаржы құқығы ғылымының пәні – мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлері мен әдістерінен, қаржылық бақылаудан, сондай-ақ өзара байланысқан және бір даму жүйесіндегі қаржылық құқықтық нормалар мен олар реттейтін және бекітетін қоғамдық қатынастардан тұрады.
Қаржы құқығы ғылымының өзіне ғана тән қасиеті қаржылық-экономикалық ғылымымен өте тығыз байланыста болуы.
Қаржылық ғылым пәні – мемлекеттің ақшалай қорларын, сондай-ақ қоғамдағы басқа да табыстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану кезіндегі экономикалық қатынастар болып табылады.
Қаржы құқығында қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің екі әдіс і қолданылады:
біржақты-өктем, әмірлі әдіс (б.а. императивтің-әмірлі)
қаржылық шартты әдіс (яғни, диспозитивтік-келісімге келу)
Бірінші әдістің кеңінен таралғанын мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызынан білеміз (әсіресе, ақша қаражаттарын табу, жиыстыру элементтері бізге белгілі). Мысалға алсақ, халықтан салық салу кезінде, ақша иесінің еркі (тілегі) есепке алынбайды, ақша қаражаттары міндетті және ықтиярсыз түрде жиналады. Бірақ кей кездерде, қаржылық қызметті жүзеге асыруға мемлекет тарапынан икемділік көрсетіледі, яғни, ақша қаражаттарын табу, жинастыру кезінде мәжбүр ету әдісін қолданбай-ақ, төлеушілер өз
еріктерімен қашаларын береді. Мәселен, мемлкеттік заедарды сатып алу, жинақ
банктерінде азаматтардың ақшаларын сақтау кезінде. Бұл жағдайларда мемлек ет шарт жасасу әдісін қолданады. Мысалы, банктердің қары беруі. Шарт жасасу, келісімге келу әдістері негізінде қаржылық қызметтің несиелік қатынастарын реттеуге қатысады (немесе қатысуы қажет), өйткені несие беру қатынастарының экономикалық табиғаты екі жақтың келісімінсіз ұымдастыру мүмкін еместігін ескеріп, қарыздың сомасы, оның қайтрылу мерзіміне және процентіне келісу, т.б. туралы талап қояды. Қазіргі кезде қолданылатын мына төмендегідей қаржылық шарттарды атап көрсетуге болады:
алуы);
бюджеттік-банктік заемдар шарты (бюджеттңі
мемлекеттік банктерден қарыз
бюджетаралық ссудалар шарты (қандай да болмасын жергілікті бюджеттің өзінен төмен тұрған бюджеттердің қаржылық дәрменсіздігіне көмек ретінде қарыз беруі);
мемлекеттік заем шарты;
азаматтардың ҚР жинақ банктерінде ақша сақтау шарттары;
ведомстволық ссудалар шарты (министрліктің қол астындағы кәсіпорындарға қаражат беруі);
-мемлекеттік банктің несие беру шарты.
Осы айтығлан келісім -шарттарының бәрі қаржылық қызмет процесінде қолданылады да, қаржылық-құқықтық шарттарға жатады.
Қаржылық шарттардың құқықтық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
қаржылық шарттар мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың заңды жолы болып табылады; -
қаржылық шарттар, өздеріне тән экономикалық қасиеттерге байланысты қаржылық қатынастар болып табылатын қоғамдық қатынастардың заңды түрі ретінде кездеседі және бұл шарттарда екі жақтың келісімі өте қажет;
қаржылық шарттың бір жағында әрқашан да мемлекеттің біртұтас өзі уәкілдік еткен органы туралы, мысалы ҚР Ұлттық банкі;
шартқа қатысатын екі жақта азаматық құқыққа тән тең құқық болмайды. Мұндағы қатынастар сияқты мемлекеттік-өктем сипатта болғанымен, құқықпен реттеудің әмірлі әдістеріндей үзілді-кесілді емес, кейбір белгілі жерлерінде қолданылады.
қаржылық шарттардың қайсысы болмасын, тек екі жақтың келісімімен және өзара міндеттеме алулары арқылы жасалады.
Бұл жерде шартқа қатынасатын екі жақтың бірі мемлекет те, екінші жағы мемлекетпен шарт жасасуға өз еріктерімен келі сім берген субьектілер.Құқықпен ретеудің әмірлі әдісін қолданған кезде қатынасқа қатысу міндеті мен қаржылық міндеттеме мемлекеттің біржақты еркінен пайда болып отырады. Мысалы, салықтар ақша төлеушілерден бюджетке өтеді, басқа ешқайда жіберілмейді, яғни ақша қаражаттары бір бағытта ғана қозғалады.
Ал, енді азаматтық -құқықтық шарттың құзыры жүретін келісімдегі екі жақтың құқықтары мен мемлекет уәкілдік еткен органмен қаржылық шартқа қатысатын жақты салыстырсақ, осы екінші жақтың ерік білдіруінің, яғни мемлекетпен немесе онңы уәкілетті оргнмен келісіме келуі тек құқының шектелуі екенін көреміз. Ерік білдіру тек құқықтық қатынасқа қатысуға өз еркімен келісуі, ал екі жақтың келісімге келуі тек қаржылық міндеттеменің көлемі мен мерзімін белгілеуден ғана тұрады. Келісім шарттың қалғанын құқықтық қатынастың өкім етуші субьектісі мемлекеттің өзі мен мемлекет мүддесін көздейтін орган анық белгілейді.
Сонымен, реттеу құралы ретінде және қаржылық шарт субьектілерінің ықпал ету әдістері бойынша қаржылық арт біржақты өктем құқықпен реттеу әдісі мен азаматтық - құқықтық келісім әдісі аралығынан дербес орын алып отыр.
Қаржы құқығы басқа да құқық салалары сияқты мемлекеттің заң шығарушылық қызметі барысында пайда болады. Мұны айтып айтып отырғанымыздың себебі, қалыптасқан дәстүр бойынша қаржы құқығы кейінірек, әкімшілік және мемлекеттік құқықтардан бөлініп шығуының нәтижесінде пайда болды дп айтылып жүрді. Бұл көзқарас дұрыс деп айтсақ қателікке ұрынамыз, өйткені қаржылар – мемлекеттің
атрибуты, яғни ерекше белгі – нысаны. Қа ндай да болмасын мемлекеттңі пайда болған
уақытынан бастап, қаржылар пайда болды. Ал, қаржылық-экономикалық қатынастар обьектілік түрде тек қаржылық -құқылық қатынастар арқылы өмірден орын алады. Былайша айтқанда, қаржылардың қаржылық -құқықтық болуын белгілейді. Дәлелдемекші көзқарасымызда мемлекет, қаржылар және қаржы құқығы өзара тығыз байланыста бола отырып, бір уақытта пайда болған деп айта аламыз.
Қаржы құқығының жүйесі барлық құқық салаларына тән жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімге мына институттар кіреді:
мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздері;
мемлекеттің саласындағы бақылау;
қаржылық жоспарлау;
қаржылық бақылау;
мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері;
валюталық реттеу.
Қаржы құқығының ерекше бөлімінің құрылымында қаржы жүйесінің құрылымы жатыр. Оның әрбір институты белгілі қоғамдық қатынастрадың жиынтығы бола отырып, қаржы құқығыныңереке бөлімінің құқықтық реттеу пәнін көрсетеді. Осыған байланысты қаржы құқығының ерекше бөлімінің құқықтық реттеу пәнін көрсетеді. Осыған байланысты қаржы құқығының ерекше бөлімі мына институттардан тұрады:
бюджеттік құқық;
қаржылық шаруашылық құқығы (мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындардың қаржы қорлары қалыптасуының қайнар көздерін құқықтық реттеу);
салық құқығы;
банктік құқық (мемлекеттік несие берудің құқықтық негіздері);
сақтандыру құқығы.
Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқығының бөлімі.
Қаржылық-шаруашылық құқық – бұл өз меншігіндегі ақша қорларын қалыптастыру, сондай-ақ осы ресурстар мен қорларды сала ішінде бөлу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқының бөлімі. Салық құқығы мемлекеттік бюджеттің қалыпасуының негізгі қайнар көзі болып табылатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің құқықтықт негіздерін реттейтін қаржы құқығының бөлімі.
Банктік құқық – банктердің ссудалық қорларын қалыптастыру және жұмсау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқығының бөлімі.
Сақтандыру құқығы – мемлекеттің мүлікті және жеке басты сақтандыру ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлуге байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін қаржы құқығының бөлімі.
Мемлекеттік қызмет әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылаты нын білеміз. Осы қаржылық қызметті жүзеге асыру барысында қаржылар атқаратын үш қызмет бар екені туралы алдында айтып кеткенбізҚ. аржылық қызметінің ең басты мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру сияқты үш
әдістен тұратыны да бізге белгілі. Осы мемлекеттңі қаржылық қызметін жүзеге асыру
барысында пайа болатын қатынастар құқықтық нормалармен реттеуді қажет етеді. Демек,
мемлекет атынан үжзеге асырылатын қаржылық қызметтің қандай түрі болмасын
(бюджеттік, банктік, сақтандыру және т.б. қызметтері) құқықтық негіздерге сүйене отырып атқарылады.
Қаржылық қызметтің құқықтық негізінде бірінші кезекте ҚР Конституциясы – Ата заңымыз, арнайы қаржылық (қаржылар, салықтар, банктер, сақтандыру, валюта т.б.) заңдар мен норативтік құқықтық актілер жатады.