Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Лекции

Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша:
1.
заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2.
тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, 
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне 
байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай 
кемсітуге болмайды.
Судьялардың тәелсіздігі. 
Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан
 
Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып


әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен 
стр. 9 из 62
бекітілген, судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен 
заңға ғана бағынады, сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай 
да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп 
бермейді.
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы 
негізінде жүзеге асыру. 
ҚІЖК-нің
 
23-бабында бекітілген бұл принципінің
 
мәні – қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау тараптарының бір-
бірінен бөлектенуне негізделуі және тараптарға тең процессуальдық 
құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей 
мүмкіндік туғызу болып табылады. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi 
соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен 
лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға 
жүктеледi. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық 
құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi. Сот қылмыстық iзге түсу 
органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және 
құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi. Сот 
объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз iс 
жүргiзу мiндеттерiн орындауы және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге 
асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге 
қатысушы тараптар тең құқықты, яғни оларға Конституциямен және 
ҚРҚІЖКөз айқындамаларын қорғауға бiрдей мүмкiндiк берiлген. Сот, iс 
жүргiзу шешiмiн, зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде 
қамтамасыз етiлген дәлелдерге ғана негiздейдi. Тараптар қылмыстық сот iсiн 
жүргiзу барысында өзiнiң айқындамасын, оны дербес және сотқа, басқа да 
органдар мен адамдарға тәуелсiз қорғаудың әдiстерi мен құралдарын 
таңдайды. Сот тараптың өтiнiшi бойынша оған ҚРҚІЖК көзделген тәртiппен 
қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi. Мемлекеттiк айыптаушы 
мен жеке айыптаушы белгiлi бiр адамның қылмыстық iзiне түсудi жүзеге 
асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық iзiне түсуден 
бас тарта алады. Сезiктi мен айыпталушы өзiнiң кiнәсiн еркiн жоққа шығара 
алады немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындай алады. Азаматтық талапкер талап 
арыздан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен бейбiт келiсiм жасасуға 
құқылы. Азаматтық жауапкер талап арызды мойындауға немесе азаматтық 
талапкермен бейбiт келiсiм жасасуға құқылы. Сот тараптарға бiрiншi және 
аппеляциялық сатылар бойынша істі қарауға қатысу құқығын қамтамасыз 
етедi, айыпталушы және оның қорғаушысы iстi қарау кезiнде, қадағалау 
тәртiбiмен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жiберiледi. Сот әрбiр 
қылмысты iстi қараған кезде айыптау тарабының мемлекеттiк не жеке 
айыптаушысы болуға тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi 
болатын басқа да жағдайлар ҚРҚІЖКпен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет