«Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы»



Дата26.12.2023
өлшемі5,15 Kb.
#199545
Байланысты:
«Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығарм-emi
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

«Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы»


Эссе
«Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари


Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік 
маңызы» 

Халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды


зерттеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың
парызы. Ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани
мұралар көп.
Аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандар – Жүсіп
Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл-Фараби
қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Соның бір дәлелі ретінде, Жүсіп Баласағұнның қазіргі
ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз.
«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарауға
болмайды. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы
елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени-тарихи қатынастар
саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше.
Бұл тұрғыда қазақ халқының да рухани кәмелеттену
жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық
әлемінде жатыр.
Халықтық тәлім-тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр
шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік,
рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік,
адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып
уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен
жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру -
бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі.
Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай
тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық
ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келе, Баласағұн,
Қашқари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық
құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ,
Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың
жүрегімен қанаттасып қатар қағатындай.



Ақынның әлем мәдениетінің алтын қорына қосқан еңбегін


оқыған сайын, әрбір сөзі бұрынғыдан да баурай береді.
Бұл аталған тұлғалардың өнегелі туындылары
халқымыздың сонау Түрік қағанаттарынан бастау алатын
мәдениетімен сусындатып, халық бұқарасына адамдық
парасатты таратады.
Түркі тілдес даналардың гуманистік ағартушылық
идеяларының ой қозғап отырған объектілердің ортақтығы,
көркемдік - поэтикалық шеберліктері.
«Құтты білік» бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі.
Бүгінде халықтың құнды қазынасына айналып отырған бұл
мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және
адамгершілік идеяларына, мақсат-мұраттарына қызмет
ететіні айдан анық.



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет