Мысал - 3: Шеңберлердің бірін С нүктесін айналдыра бұру есебі Берілгені: Екі тең шеңбер, А мен В –центрлері, С мен D –осы шеңберлердің қиылысу нүктелері. Табу керек: шеңберлердің бірі екіншісімен беттесуі үшін оны С нүктесінен айналдыра қандай бұрышқа бұру керек екенін.
Шешуі: Радиустары АС=CB, центрлері А және В нүктелері болатын екі өзара тең шеңберді салайық. Шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы АВ болсын.
С және D нүктелерінде қиылысу үшін АВ арақашықтығы екі радиустан кіші болуы керек. Екі радиусқа тең болғанда шеңберлердің бір ортақ нүктесі болады және АВ>2АС болғанда мүлдем қиылыспайды.
Центрі В нүктесі болатын шеңберді сағат тілі бағытымен немесе центрі А нүктесі болатын шеңберді сағат тіліне қарсы бағытта С нүктесінен айналдыра бұрғанда А және В нүктелері беттесуі керек.
Бұру бұрышы шеңбердің радиусы мен (оны R деп белгілейік) олардың центрлерінің АВ арақашықтығының қатынасына байланысты. Демек, ізделінді бұру бұрышы -˪АСВ, мұндағы А мен В –шеңберлердің центрлері.
Мысал – 4: Центрі D болатын шеңбер берілген. Шеңберден тыс жатқан А нүктесінен жанама жүргізу керек.
1) A және D арасына түзу жүргізіп, шеңбермен қиылысу В нүктесін белгілейміз;
2) Радиусы DA-ға тең болатын шеңбер сызамыз;
3) В нүктесінен перпендикуляр жүргізіп, оның радиусы DA-ға тең болатын шеңбермен қиылысатын Е нүктесін белгілейміз;
4) ЕD кесіндісін жүргізіп оның шеңбермен қиылысатын С нүктесін белгілейміз;
5) А және С нүктелерін қоссақ, ол берілген шеңбердің жанамасы болып табылады.
Себебі, екі үшбұрыш ΔDCA=ΔDBE болғандығынан <АСD тік бұрыш болады. Сондықтан АС шеңберге А нүктесінен жүргізілген жанама болады.
Екінші шешімі: диаметрі DA кесіндісіне тең болатын шеңбер сызсақ, ол берілген шеңберді бір С нүктесінен қияды.
D және C нүкетелерін қоссақ ол берілген шеңбердің радиусы болады. СА және СD кесінділері соңғы сызылған шеңбердің диаметріне тірелгендіктен