Еламанова Айгуль Бисенгалиевна 2024-2025 оқу жылы Түсінік хат Өзектілігі: «Аргументтер алаңы» бағдарламасы



бет3/5
Дата23.09.2024
өлшемі34,89 Kb.
#204904
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дебат жоспар 23-24 дебат

Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Оқыту негізі жан-жақты білім беру:

  • оқушылардың алған білімін жеңіл қабылдауы;

  • сөйлеу және логикалық ойлау жұмыстарына үйрену;

  • айналадағы оқиғаларды, жаңалықтарды танып білу;

  • саясат, экономика, әлеуметтану, құқық бағытында білім алу.

Бағдарламаның ерекшелігі:
Өткiзiлетiн сабақтардың барысында балалармен жұмыс жүргiзудiң әр түрлi әдiс-тәсiлдерi пайдаланылады: бөлісу, терминдермен жұмыс, ақпараттарды ажырата алу үшін тапсырмалар, құрастырмалы сөздерді құрылымын құрып үйрену, сөйлеген кезде уақытты тиімді пайдалану және т.б. Қызықты әдiстер кеңiнен пайдаланылады: салыстыру, хронологиялық кестемен жұмыс, қосымша ақпараттармен кластер құру. Сабақтар мен турнирлер кезінде оқушының қоғамдағы болып жатырған өзгерістерге деген қызығушылық, оқиғаларға бейжай қарамау, өзіндік сыни пікір қалыптастыру, оны дәлелдеу және құрастырмалы сөзбен дұрыс жеткізе алу сияқты дағдылары қалыптасады. Олардың бәсекеге қабілеттілігі артады, елiмiз бен қаламыздың жан-жақты ахуалымен танысады.
Оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда балалар жасы 14 15 жас аралығы, бұл аралықта оқушының белсенді іс - әрекеті оқушының ой жүйесінің, көңіл көкжиегінің кеңеюіне әсер етеді. Мәселелерді өз қолымен шеше алатынына көзі жетіп, өзіне деген сенімі артады. Олар өзі өмір сүретін ортаның тыныс-тіршілігіне жай қарамай, аз да болса көмек көрсете алуы оқушының білімге құштарлығын арттырудың бір жолы болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: қосымша білім беру бағдарламасы – 9 ай, оқу сағат саны: 72 сағат.
Сабақтың түрі мен тәртібі: Үйірме сабақтары негізінен – даралап, топтап, шағын топтар және көпшілік топтарға жүргізіледі. Сабақта ойын, психологиялық жаттығу тренингтары пайдаланылады.
Сабақтың мерзімі: сабақ келісілген сабақ кестесі арқылы жүреді. Бірінші жыл – 2 рет жұмасына (2 сағ, 2 сағ); Дүйсенбі:16:00-16:40 СейсенбІ ; 16:00-16:40 16:50-17:30 16:50-17:30


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет