Елбасымыз Н. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енуіміз жайлы айтылған. Шындығанда да біздің басты күшіміз бірлігімізде



бет2/6
Дата11.04.2020
өлшемі10,58 Mb.
#62226
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба тақырыбы12


РОБОТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Роботтардың түрлері, оларды жасау және оларды мақсаты әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір роботтар адамның жұмысын жеңілдету немесе қауіпсіз ету үшін жасалған. Басқалары – көңілді көтеру үшін.



  • Робот қол – бұл адам қолының құрылымын ұстанатын, бірнеше мобильді қосылыстары бар робот. Ол кез-келген адамға қарағанда жұмысты тездетеді және дәлдікпен жасайды. Робот қол көптеген кәсіпорындарда жұмыс жасайды.

  • Гуманоидтық робот – адамға ұқсайтын робот. Кішкентай роботтар аз ғана қозғалыстарды қайталай алады. Басқалары көру мен есту сияқты сезіммен жабдықталған.

  • Дөңгелекті робот – бұл адам өміріне қауіпті және қиын тапсырмаларды орындайды.

  • Робот-ортез – жұлын жарақаты бар адамдарға қайтадан жүріп үйренуге көмектеседі. Адам роботқа қосылады және онымен бірге механизмге бағынып, жүгіру жолында жүреді.

  • Шынжырлы робот – кез-келген жерде қозғала алады. Бұл робот жарылғыш заты бар объектілерді көтеруге және оларды қауіпсіз жерге көшіруге болатын қысқышпен жабдықталған.

  • Үлкен тауарлар өндірісінде рельстердегі роботтар қажет. Олар ауыр, ірі нысандарды оңай жылжытады.

  • Күн энергиясымен жүретін роботтар. Олар күн көзінен қуат алып жылжиды.

Кейбір роботтар арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегіне сүйене отырып, басқалары – қашықтан басқару пультінің көмегімен жылжиды. Адам оларды үнемі бақылап отырады және қалай жұмыс жасайтынын анықтайды.


  1. РОБОТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?


Робот деп біз белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны айтамыз.

Робот (чех тілінен аударғанда robota еріксіз еңбек, rob құл)тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы. Ол байланысатын және әрекет ете алатын, ойлай білетін, қабылдай алатын машина.

Робот алдын ала салынған бағдарлама бойынша және сыртқы әлем туралы датчиктерден ақпарат ала отырып әрекет етеді (тірі ағзалардың органдарына ұқсас). Робот әдетте адамдар орындайтын (немесе жануарлар) өндірістік және басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар робот опеатормен байланыс жасай алады (одан бұйрықтар ала алады) және дербес әрекет те ете алады.

Роботтар не үшін қажет?

1. Жолы қиын, қауіпті, лас және қараңғы жерлерде жұмыс жасау үшін.

2. Қайталанатын әрекеттерді орындау үшін.

3. Үлкен дәлдікті талап ететін тапсырмаларды орындау үшін

4. Заводтар мен фабрикалардың өнімділігін арттыру үшін.

Роботты басқаратын жүйелер:

Бағдарламалық басқару

Бағдарламалық басқару – басқару жүйесінің ең қарапайым түрі, манипуляторларды басқару үшін өнеркәсіп нысандарында қолданылады. Мұндай роботтардың датчиктік бөлігі болмайды, барлық әрекеттері тұрақты және үнемі қайталанады.



Бейімделме басқару

Бейімделме жүйесі бар роботтар датчиктік бөлікпен жабдықталған. Датчиктер арқылы берілген сигналдар талданады және оның нәтижесіне сәйкес, робот осы шақта және болашақта қандай әрекет орындайтыны туралы шешім қабылдайды.



Зияткерлік басқару

Зияткерлік басқару түрлері жасанды интеллект әдістеріне негізделген (Artificial Intelligence).



Адамның қатысуымен басқару

Қашықтықтан басқарылатын саперлік робот осындай жүйенің нақты үлгісі болып табылады.



Робот техникасы дегеніміз не?

Робототехника – бұл роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала.

Робототехниканы не үшін зерттеу қажет?

Робототехниканы зерттеудің арқасында сіз келесі салаларда дағдыңызды жақсарта аласыз:

1. физика

2. математика

3. информатика

Робот техникасын не үшін зерттеу қажет?

-Топтың ішінде жұмыс жасауды үйренесіздер.

- Робототехника сізге нағыз ғалымдармен инженерлер сияқты ойлауға мүмкіндік береді!

Информатика және бағдарламалау

Бағдарламалаудың маңызды қағидаларын зерттеу, алгоритмдік ойлауды дамыту, моделдерді басқару бойынша күрделі бағдарламаны құру және ретке келтіру.



Физика 

Тәжірибе жүзінде ғылыми болжамды растау, тәжірибелер жүргізу, болжанған деректерді зерттеуді қосқандағы алынған деректерге жан-жақты сараптама жасау, механика, оптика, термодинамика, магниттік құбылыстар, радиобайланыс қағидаларының тұжырымдарын зерделеу.



Математика 

Уақытты, жылдамдықты өлшеу, үдету және алшақтату, құбылмалы, кездейсоқ және бастапқы шаманы, геометриялық, тригонометриялық тұжырымдамаларды оқу.



Тіл және сауаттылық

Баяндау түрінде технологиялар мен үрдістерді сипаттау дағдысын дамыту, оларды түсіндіру және өз бетінше түсіну, түрлі жүйелер мен тұжырымдардың вербалды модельдерін құрастыру дағдысын меңгеру.



Неден бастаймыз?

Бүгінгі күні дүние жүзінде роботты құрастыруға арналған әр түрлі жинақтар бар:



LEGO WE DO 2.0

LEGO MINDSTORMS EV3

MBOT (Arduino) және де т.б.

Олар сіздерге роботты жасауға және робот техникасы әлемімен тығыз танысуға көмектеседі.



3. РОБОТОТЕХНИКА ПӘНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПАЙДАСЫ.
Мектебімізде, 2 – 4 сынып оқушылары LEGO® MeDo2.0 жинағымен, 5 – 8 сынып оқушылары LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағымен, 9 – 11 сынып оқушылары Makeblock mBot Ranger жинағымен жұмыс жасауда. Яғни әр жастың өзіндік жинақтары бар. Әр бір жинаққа тоқтала кетсем.
3.1. LEGO® MeDo2.0 жинағы
Бағдарламалау, бастауыш сыныпта болмаған соң, оны қоршаған орта, математика, технология және сабақтан тыс шаралармен біріктіріп өткізу мүмкіндігі бар.

Оқу жұмысының сапасы жақсарады: оқушылар табиғат, физика заңдарын түсіну мен материалдың қасиеттерін білу айтарлықтай артады. Себебі жасаған әрбір моделін талдап, физикалық заңдардағы өзгерістерін бақылап отырады.

Робот жиынтығымен жұмыс жасау дизайн дағдыларын қалыптастыруға ғана емес бағдарламалаумен қатар балалардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік жасайды. Зерттеу тақырыбы бойынша жаңа білім. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының сүйікті ойыншығы (гаджеттер) және әрекет түрі (ойын) бірігіп физикалық процестерді бақылауға арналған LEGO Education WeDo 2.0 жиынтығы шыққан.

Оқытудың негізгі бағыттары:



  • Зерттеу, модельдеу және жобалық шешімдер.

  • Практикалық бағыттағы тәсіл арқылы жаратылыстану циклінің пәндерін оқып үйренуге оқушыларды тарту.

  • Негізгі бағдарламалау дағдыларын және алгоритмдік ойлауды дамыту.

  • Командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, қарым-қатынас және олардың көзқарасын білдіру қабілетін дамыту.

  • Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, тапсырмаларды шешу.

  • Физикалық құбылыстарды және заңдарды зерттеуде ғылыми әдісті қолдану.

WeDo 2.0-де жобаны орындау үш фазаға бөлінген.


Зерттеу

Оқушылар ғылыми немесе инженерлік проблемамен танысады, анықтайды

зерттеу бағыты мен ықтимал шешімдерді қарастырады. Зерттеу кезеңдері: қарым-қатынас орнату және талқылау.
Жасалу

Оқушылар LEGO® моделін құрастырады және өзгертеді. Жобаның түрі төмендегі тізімнің біріне жатуы мүмкін: зерттеу, дизайн, модельдерді пайдалану. Құрастыру түрлі типтер үшін әртүрлі. Жасалу кезеңдері: құрылыс, бағдарлама, өзгерту.



Нәтижелермен алмасу

Оқушылар LEGO модельдерін жасау арқылы өз шешімдерін түсіндіреді.

Нәтижелер алмасу кезеңдері: құжаттама және презентация.

Әр кезеңде оқушылар өздерінің нәтижелерін, әр түрлі әдістердің қолданылуын, жұмыстың жауабы мен жетістіктерін құжаттап отырады.

Жобаға негізделген оқытудың маңызды бөлігі«ақылды әдеттер» (әдеттер дағдылары) – әмбебапкез келген проблемаларды тиімді шешуді анықтайды. Ақылды әдеттер қоршаған ортаның құндылықтары мен дағдыларын ғылыми тұрғыда анықталу болып келеді.
Ғылым мен техниканың дамуына алты ақылды әдеттер маңызды:


  1. Жүйелік ойлау

  2. Шығармашылық тәсіл

  3. Оптимизм

  4. Бірігіп жасайтын жұмыс

  5. Ақпаратпен бөлісу

  6. Этикалық принциптер.

WeDo 2.0 оқу курсының жобалары осы ақылмен ойластырылған әдеттер мен оларды әмбебап оқыта отырып іс-әрекеттері кешендерімен байланыстырады.

WeDo 2.0 конструкторын қоршаған әлем, технология, математика, информатика, орыс тілі және бастауыш білім беру деңгейіндегі АКТ байланыстыруға болады.

WeDo 2.0 конструкторына жалпы сипаттама.


WeDo 2.0 конструкторының жинағы



SmartHab - бұл қозғалтқыш және сенсорлар қосылған интеллектуалды басқару блогы, ал смартхаб өз кезегінде басқару пәрмендерін алу үшін ноутбукке / компьютерге / планшетке қосылады. Бір сөзбен айтқанда, smarthab - кез-келген роботтың «жүрегі».






Роботыңызды жандандыру үшін басқа маңызды элементті смартхабқа - қозғалтқыш қосылу керек. Ол әдеттегі функциясын орындайды - электр энергиясын (қуат көзінен алынған) механикалық энергияға түрлендіреді.

Қозғалыс сенсоры (қашықтық). Қозғалыс сенсоры (қашықтық) роботтарға 1-15 см аралықтағы объектілерді табуға мүмкіндік береді.



Көлбеу сенсоры. Көлбеу сенсоры роботтың орнында өзгерістерді алға және артқа, оңға және солға және статикалық көлденең позицияға тіркеуге мүмкіндік береді.


WeDo 2.0 программалық ортасы. Осы орта арқылы, төменде тұрған командаларды қоя отырып, роботты калаған бағытына жүргізе отырып, жылдамдығын беріп, дыбысын шығаруға болады.

Смартхаб индикаторы және қозғалтқышты басқару блогы.


Математика мен дыбыстар, экранмен жұмыс блогы.


Бағдарламаны басқару блогы (бастау, күту, цикл).




Сенсорлық жұмыс блогы


Блоктың тағы бір тобы кеңейту блоктар болып табылады. Олардың түсі көк.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет