КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мемлекет құрудағы бірегей бай тәжірибеміз арқылы, біз жаңа кезеңге енуіміз жайлы айтылған. Шындығанда да біздің басты күшіміз — бірлігімізде. Сондықтан да, қандай қиындықтар кездесседе, біз оларды еңсеретінімізге сенімдімін. Жолдауда «Сандық Қазақстан» жаңа бағдарламасының кезекті қадамын еңсеру Қазақстанның әрбір азаматына жауапкершілікпен жүктеледі. Бұл – маңызды кешенді міндет. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да салаларды дамыту жолға қойылуда. Осы жылы білім беру жүйесінің жаңа стандартына көшудеміз. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Балаларға автоматтандыру үрдісінмен, яғни робототехникамен қалай жұмыс істейтінін түсіндіру маңызды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді және олардың ғылымға қызығушылығын оятып болашақ мамандыққа баулуға жол ашады.
Сондай ақ Оксфорд университетінің ғалымдары Карл Бенедикт пен Майкл Осборн жақын жылдары 700 жуық түрлі мамандықтар компьютерлер мен автоматтандырудың ықпалына түсетінін жазады. АҚШ-та алдағы 10-20 жылда (2035 жылға дейін) барлық жұмысшылардың 47%-ның орнын робототехника ауыстыруы мүмкін. Яғни, адамдарды автоматтар ауыстырады. Адамдар өздерінің жұмысын сақтау әрі күшейту үшін кәсіби дағдыларды үнемі күшейтулеріне тура келеді. Демек, адамдардың өздерінің жұмыс орнын жоғалтпау үшін автоматтармен бәсекелесуі тиіс. Адамның жай ғана жұмысқа келіп-кетуі жұмыс берушіге тиімсіз шығынға айналады. Сол үшін адамдар өзін-өзі дамытуға, еңбек құндылықтарын сапалы деңгейге көтеруге мұқтаж болады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі техниканың басым бағыттарына тоқталар болсақ, онда робототехника — электроника базасында автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу үрдісі туралы ғылым, механика және бағдарламалау. Робототехниканың негізінде оқушылар математика, физика, информатика және басқа жаратылыстану-ғылыми бейіндер пәндерінде алған білімдері мен дағдыларын интегралдай отырып, роботты техниканы, инженерлік дағдыларды қалыптастыруға және технологияларды оқып үйренуге мүмкіндігі жоғары. Сол сияқты технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді.
Роботтармен айналысуды көбінесе техникалық мамандар бастайды. Зертханалар өндіретін роботтар тұрмыстық мақсаттаға тез шығарылады. Әлемде мыңға жуық кәсіпорын өндіретін ұқсас құрылғылар, көбінесе адамды жұмыс орнында алмастыратын роботтарды ойлап табуда.
Болашаққа жылжып келе жатқан жоғары технологиялар — ғарыш, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздік, қорғаныста және көптеген салаларда пайдаланылады.
Бүгінгі таңда робототехника – білім беру ісіндегі басты бағыттардың бірі. Азияның кейбір елдерінде робототехника сабағын күн сайын бес миллион оқушы қатысады. Біз үшін де мектептерде робот техникасын үйрету – негізгі міндеттердің бірі. Әлемнің басқа елдерінен қалмауымыз керек.
Мектеп оқушылары 5-7 сыныптар LEGO MINDSTORMS EV3 конструкторлары пайдаланылатын болады және оқушыларға практикалық тәжірибе алу, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және өз потенциалын ашуға мүмкіндік алады.
8-10 сыныптарға арналған бағдарлама сыныптардың кіші топтарына арналған LEGO конструкторына қарағанда күрделірек болып табылатын Arduino микроконтроллерінің базасындағы роботтарды әзірлеуге негізделген. Оқыту бағдарламаларына сәйкес әр сыныпты оқытуға арналып дайындалған сәйкестік оқу материалдарының өзіндік бірегей бағдарламасы болуы мүмкін.
«Не үшін робототехника?»
Біріншіден, бұл әлемде ғылыми зерттеулердің басым бағыты. Роботтар өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп, біздің өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыптасқан затқа айналуда. Ерте ме, кеш пе роботтар адамның алмастырылмайтын көмекшілері болмақ, бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды. Инженерлер құрастырған және программалаушы роботтар қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие, қазіргі заманғы қоғамда және болашақта әлі көп сұраныста болады.
Екіншіден, білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін робототехника сабақтары. Робот құрастыру үрдісі – шығармашылық, берілген тапсырмалардың дайын жауаптары жоқ. Сондықтан да жаңаны іздеу үшін, бұрынғы бар білімін пайдалануға тура келеді. Баланың кеңістіктік ойлау, логикалық, конструкторлық дағдыларды дамыйды, математикада және физикада алған білімін тәжірибеде қолдану үшін оқиды, командада жұмыс істеу арқылы қателерді талдауға, бірдеңені ойлап табуға үйренеді.
Үшіншіден – тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Компьютерлік технологиялар заманында өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында оқушылар әлемдік робототехниканың жетістіктері және даму бағыттары туралы біледі, Лего-роботтарын программалайды және деректер моделін құрастыруды ойлап табады. Қорытындысы, оқушылардың ұсыну және қорғау үшін құрылған шығармашылық модельдері болып табылады.
РОБОТТАРДЫҢ ТАРИХЫ
Роботтарды көптеген адамдар жаңа технологиямен байланыстырады. Дегенмен, мұндай машиналарды жасау идеяся жүздеген жылдар бойы пайда болған. Қазіргі роботтарды еске түсіріп кетсек, түрлі аңыздар мен әдебиетте кездеседі. Мысалы «Илиада» поэмасында Гомер, өрт құдайы Гефесттің алтын күңдері туралы жазады.
1464 жылы Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын.
1801 жылы Жозеф Мари Жаккар перфокарталар арқылы өрнек салып, жұмыс жасайтын тігін станогын ойлап тапты. Перфокарталарды ауыстыру арқылы, матаға түсірілетін өрнекті өзгертуге болатын еді.
1833 жылы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас ең бірінші компьютерлік программист болып есептеледі.
1890 жылы Никола Тесла қашықтан басқару құралын ойлап тапты. Бұл құрылғысыз қазіргі заманғы көптеген роботтарды басқару, қозғалысқа келтіру мүмкін емес. Ал 1898 жылы радиобасқарылатын кішкене кеме ойлапа тапты.
1921 жылы Rossum’s Universal Robots (R.U.R.) – Россумның Әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы.
Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді.
1930 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрмесінде инженер Д.Уэсли адам командаларын орындауға қабілетті қарапайым роботты көрсетті.
1949 жылы Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботын құрастырды. Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты оны «Тасбақа» деп атады.
1970 жылы Байқоңыр айлағынан Айдың топырағын зерттеу мақсатында ұшырылған «Луноход 1». Басқа ғаламшарда және жерсерігінде алғаш рет қашықтықтан басқарылған робот.
1976 жылы «Викинг-1» және «Викинг-2» робот манипуляторлармен жабдықталған ғарыштық зондтары, Марстан топырақ үлгілерін алды.
1986 жылы «Honda» робот техникасындағы зерттеу бағдарламаларын бастады.
1996 жылы «Honda» алғашқы Р3 гуманоид роботын ұсынды
2000 жылы «Honda» ASIMO гуманоид-роботын ұсынды.
2004 жылы Канадалық физик және робототехник Марк Тильден жаппай сатуға арналған «Робосапиан» гумано – робот ойыншығын шығарады.
Қазіргі роботтардың дамығандығы соншама, олар өздері жүре алады, сонымен қатар ауыр жүктерді тасиды, сатыларға шығады, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |