Elc5431 электротехниканың теориялық негіздері 2 ПӘні бойынша дәрістер жинағЫ


Сызықты емес кедергілері және э.қ.к.-тері бар бірнеше параллель тармақтарды бір балама тармақпен айырбастау



бет34/40
Дата13.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#168565
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
ELC5431 Теоретические основы электротехники II

Сызықты емес кедергілері және э.қ.к.-тері бар бірнеше параллель тармақтарды бір балама тармақпен айырбастау. 65–суреттегі тармақ 64– суреттегі параллель тармақтарға балама болу үшін 64–суреттегі тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток I кернеудің Uab кез-келген мәнінде 65–суреттегі тармақтың тогына I тең болуы қажет. 63–суреттегі 4 қисық I1+I2 +I3=f(Uab) тәуелділігін сипаттайды. Басқаша айтқанда, 4 қисық үш параллель тармақтардың қортынды в.а.с. болып табылады. 65–суреттегі тармақтың осындай в.а.с. болу керек. Егер 65–суреттегі ток нөлге тең болса, онда Uab=Еб. Сонымен Еб 4 қисықтың абцисса өсімен қиылысқан нүктесіне сәйкес келетін Uab мәнімен анықталады.
С ызықты емес балама кедергінің в.а.с. анықтау үшін т нүктесі арқылы жүргізілген вертикальға байланысты жоғары аталған қисықтың айналық бейнесін саламыз (66-сурет).
Сызықты емес кедергілері бар тізбекті бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәсілі бойынша есептеу. Бұл тәсілді күрделі электр тізбегінде сызықты емес кедергісі бар бір тармақ болған жағдайда ондағы токты анықтау үшін қолданады. Осы мақсатта сызықты емес кедергісі бар тармақты бөлектеп алады, ал қалған бөлікті активті екіұшты ретінде көрсетеді. Сызықты активті екіұштыны мәні бос жүріс режимі кезіндегі а және в ұштарындағы кернеуге (Uabбж) тең э.қ.к.-пен және оған бірізді жалғанған мәні кірістік кедергіге тең ішкі кедергі Rі ретінде көрсетуге болады. Балама тізбекте өзара бірізді жалғанған сызықты кедергі Rі, сызықты емес кедергі және э.қ.к. болады. Мұндай жағдайда токты анықтау жолы жоғарыда қарастырылды.
Статикалық және дифференциалдық кедергілер. Сызықты емес кедергілері сипаттау үшін олардың статикалық және дифференциальдық кедергілерілерінің токқа тәуелділігін қолдануға болады.
Статикалық кедергі Rст сызықты емес кедергідегі кернеудің сол кедергі арқылы жүретін токқа қатынасына тең: Rст=U/ I. В.а.с.- ның бір нүктесінен екінші нүктесіне өткенде статикалық кедергі өзгереді.
Дифференциальдық кедергі Rд деп сызықты емес кедергідегі кернеудің өте аз өзгерісінің dU соған сәйкес токтың өте аз өзгерісіне dI қатынасын айтады: Rд= dU/ dI


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет