Шығынсыз желі. Іс жүзінде желі кедергісін R0 және өткізгіштігін G0, индуктивтік кедергімен және сыйымдылық өткізгіштігімен салыстырғанда елемеуге де болады.
Сондықтан бұл шарттылықтар орындалған кезінде деп қабылдануы мүмкін. Сол кезде шығынсыз деп аталатын желі аламыз. Шығынсыз желіні нақты желінің идеализацияланған түрі деп қарастырамыз. Осындай желі үшін
. Яғни шығынсыз желінің өшуі болмайды , ал толқындық кедергі активті болады және ол жиіліктен тәуелсіз. Шығынсыз желінің фазалық жымдамдығы да жиілікке тәуелсіз. Бұдан басқа фазалық жылдамдық тұрақты болғандықтан бұл желіде фазалық бұрмалану болмайды.
Шығынсыз желінің толқындық кедергісінің аргументі , яғни тура және кері толқын токтары фаза бойынша кернеулермен үйлесіп келеді. Ұзын желінің гиперболалық функциялы теңдеуінің комплекстік аргументінен шығынсыз желі үшін нақтылы аргументті дөңгелектік функциялы теңдеуіне ауысады:
Сонымен желі басындағы кернеу мен токтың абсолюттік мәндері желі аяғындағы кернеу мен токтың мәндеріне тең, ал фаза бойынша қарама-қарсы.
Тұрғын толқын. Шығынсыз желінің аяғындағы активті қуат нөлге тең болатын режимді қарастырайық. Мұндай жағдай бос жүріс, қысқаша тұйықталу және таза реактивті жүктеме кезінде орын алады.
Тұрғын толқын деп бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалатын, бірдей амплитудалы тура және кері толқындарды беттестіру арқылы алынатын процесті айтады. Тұргын толқын кернеудің және токтың тұрғын толқындарынан құралады. Бұл құраушы тұрғын толқындарды математикалық түрде периодты екі функцияның көбейтіндісі ретінде қарастыруға болады. Олар біреуінің аргументі уақытқа тәуелді де, ал екіншісі тек координаталарға тәуелді. Кернеудің және токтың тұрғын толқындары уақыт бойынша 900 ығысқан, ал кеңістікте олар толқын ұзындығының ширегіне ығысқан.
Координаттық функцияның сызығының нөлден өткен нүктелерін түйіндер деп, ал максимал мәнге ие болған нүктелерін-шоқтықтар деп атайды. Тұрғын толқын пайда болған кезде желінің басынан аяғына электромагниттік энергия берілмейді. Бірақ ұзындығы толқын ұзындығының ширегіне тең учаскелерде біраз энергия жинақталады. Бұл энергия периодты түрде бір түрден(электр өрісінің энергиясынан) екінші түрге (магнит өрісінің энергиясына) ауысады.