Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуетінің жоғарлығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор
Жаңа индустриялық елдер
Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина
Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономикасының, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы
Плантациялық шаруашылық елдері
Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка
Агрономиялық жағдайлардың қолайлығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі
Мұнай экспорттаушы елдер
Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.
Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы; жоғары технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты
Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Даму деңгейі төмен елдер
Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел
Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; табиғи өсудің жоғарлығы; аграрлық сектордың басымдылығы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы
Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы еддер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметтік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, экологиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылыққа елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады.[1] 1.ЭКОНОМИКАСЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕР ТОБЫ Үлкен жетілік елдері (G7):АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия, 1997 жылы Ресейдің қосылуына байланысты «Үлкен сегіздік» деп атала басталды. «Қоныс аудару капитализм елдері» Канада, Аустралия, Израиль, ОАР, Жаңа Зеландия. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері: Бельгия, Австрия, Швейцария, Ирландия, Нидерланды, Люксембург
2. ДАМУШЫ ЕЛДЕР «Азия жолбарыстары» немесе Жаңа индустриялы елдер: Сингапур, Гонконг (Сянган), Корея Республикасы, Тайвань, Тайланд, Малайзия. Дамушы елдердің көшбасшылары: Қытай, Үндістан, Бразилия, Аргентина, Мексика. Социалистік елдер: Қытай, Куба, Лаос, Вьетнам. https://talimger.org/load/ash/geo/ehkonomikasy_damy_an_elder_toby/14-1-0-202