«Қазақ жазу жайы». Маұала қазақ тіліндегі қолданыстағы жазу ережелерімен орыс тілінің жазу ережелерін салыстырумен басталған. Ғалым қазақ оқығандарының дайын тұрған қазақ жазу ережесін пайдаланудың орнына оны орыс жазу ережесімен былықтырғанына ызаланады.
Мақалада Жүсіпбек талдаған жазу ережесі сөз болады. Елдес Омарұлы Жүсіпбек айтқан сүйеу таяқ мәселесі жайлы айта келеді де,одан бас тарта алмайтындығын жеткізеді.
Сонымен қатар ғалым мақалада «ы» әрпінің қолданылу ретін ерекше қарастырады. Ылас сқзін мысал ретінде алады да оны кейде лас деп беріп жүргендігін айтады. Осыған қарсы пікір ретінде біз лап-лас деп алмаймыз,айтсақ ып-лас деп айтамыз сол себепті дұрыс нұсқасы ылас болу керек деп көрсетеді. Ғалым «ы» дыбысын қазақ тіліндегі негізгі дыбыстардың бірі деп баға береді.
Мақалада кеңінен талқыланған таңы бір тақырып «и» мен «у» әріптері. Айта кететін мәселе ғалым, бұл қос дыбыстың біреуін де дауысты дыбыс ретінде мойындамайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
9-«Қазақша жазу жайы», Шығармалар жинағы,2018 жыл-48 бет
Сонымен қатар ғалым қазақ тіліндегі қос дауысты дыбыстың бір сөзде қатар келмейтіндігі жайлы да айтады: «Екі дауысты дыбыс қатарынан бір жүйеге сыймайды»(10-35 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |