Елдес 0марұлы және тіл білімі мәселелері


Ғалымның төте жазу туралы пікірі



бет5/16
Дата06.02.2022
өлшемі348,43 Kb.
#80887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Елдес Омарұлы және тіл білімі мәселелері

Ғалымның төте жазу туралы пікірі
Араб әліпбиіне негізделіп жасалған төте жазу Елдес Омарұлы қазақтың дәл өзіне тән жазу секілді көрінді. Осы жөнінде ғалым көптеген мақалаларында сөз қозғады. Сондай пікірлерінің бірі мынадай боп келеді:
«Мәселен,жіп иіргенде қазақтың әйелдері оңнан солға қарай иіреді. Солдан оңға қарай олардың табиғаттары көебейлі.Жазу да сол сияқты»(7-25 б.)-дейді. Осы сөз арқылы ғалым қазақ халқының сан ғасыр бойы араб әрпіне үйренгендігін айтып тұр. Тосыннан келген жағалық халықты есеғгңретңп жіберері анық,сол секілді арабтан латынға бір мезетте көшу де халықты алаңдатып жіберетіні ғалым түсінеді. Халық санасына жат солдан оңға қарай жазу халық түгіл ғалымыды да таңырқатады.
Латын әрпін халық жазуы қыламыз деушілерге ақын былай деп те жауап береді:
«Орыс өз әліпбиін латындыкы,аландікі демей,өзінікі дей алатын болған соң,біз де өз әліпбиімізді араптікі йі көпеліктердікі демей,өзіміздікі дейміз» (8-75 б.)
Мұнадғы айтып тұрғаны төте жазу арапб жазуына негізделіп жасалынғанмен,араб жазуынан мүлде басқа әліпби.Ахмет Байтұрсынов негіз қылып алған араб әліпбиімен төте жазу арасында үлкен айырмашылыұ болған. Негізі ғана арабтікі демесе,кәнігі ешбір халықта жоқ қазақтың өзінің жазуы. Осыған байланысты Елдес Омарұлы бастаған Алаш өкілдерінің біраз бөлігі латын әліпбиіне көшуге қарсы болған болатын.
Әліпби мәселесіне байлансыты сол кезеңдегі қоғам белсенділері «Ескішілдер» мен «Жаңашылдар» болып екіге бөлінген болатын. «Ескішілдер» деп латын әрпінің қазақ халқының қолданысына енуіне қарсы болғандарды айыптады. Ал айыптаушылардың өзі «Жаңашылдар» деп аталды. Сонымен қатар,төте жазуды қолдаушыларды «жамаушылар» деп атауда кездескен екен. Бұл жөнінде Елдес Омарұлы «Қазақша әліпби мен латынша әліпби» атты мақаласында көрсеткен болатын. Төте жазу мәселесін тарқатып айтар болсақ, пайда болғанына аз уақыт болғанына қарамастан, халық санасына тез сіңіп, жүрегінен орын алған тек қазақтың өзіне ғана тән әріпті өзге елдің жазуына айырбастау Елдес Омарұлы үшін ауырға түсті.Алайда Кеңес үкіметі қз дегеніне жетпей қоймайды.Осылайша қазақ халқы қзінің ерекше жүйелі жазба жүйесінен қол жазып қалды.Соған қарамастан қазіргі күнге дейін, Қытай Халық Республикасында тұратын бір миллион қазақ әлі күнге дейін төте жазуды пайдаланып келе жатыр.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7-«Қазақша әліпби мен латынша әліпби»-Шығармалар жинағы,2018 жыл-25 бет
8-«Қазақша әліпби мен латынша әліпби»-Шығармалар жинағы,2018 жыл-75 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет