Ислам сенімінің негізі – бір Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық ету және бір Аллаһтан ғана көмек сұрау.
Ислам - монотеистік таухид діні.
«Ислам» араб тілінде «берілу, мойынсұну, бейбітшілік» деген мағыналарды білдіреді. Ислам дініне сенген, бой ұсынып көңіл бөлгендерді мұсылман деп атайды.
Ислам әлемінің ғалымдары Ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен бейбітшілік және татулық діні. Адам Атадан Мұхаммед Пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған діндер – ислам діні болатын.
Аллаһ елшісі әз-Мұхаммед 570 жылы сәуір айының 20 жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Аллаһ елшісінің әкесі – Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп бақтыру салты болатын. Хазірет Пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралады. Дүниеге көзін ашпай әкесінен айырылған әз-Мұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң, атасы Әбділмүталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы Абуталіптің қолына келді. Мұхаммед Құрайыш тайпасынан болатын. Әз-Мұхаммед 25 жасында Құрайыш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадишаға үйленеді.
Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында келген деген пікірлер діни деректерде жазылған. Күллі меккеліктердің құрметімен сүйіспеншілігіне бөленген әз-Мұхаммедті Мұхаммед әмин деп атайтын.
Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында келген деген пікірлер діни деректерде жазылған. Күллі меккеліктердің құрметімен сүйіспеншілігіне бөленген әз-Мұхаммедті Мұхаммед әмин деп атайтын.
Аллаһ елшісі жайында Тәурат пен Інжілде айтылған. Мұхаммед Пайғамбар бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзатқа жіберілген ақырзаман Пайғамбары. Мұхаммед Пайғамбар Аллаһтың сөзі Құран-Кәрімді адамзатқа түсіндіріп насихаттады.
610 жылы қасиетті рамазан айының Қадір түнінде Құран-Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбрейіл періште арқылы уахи етіліп, Мұхаммедке пайғамбарлық жолы ашылды. Бұл – ислам өркениеті мен мәдениетінің бастауы ретінде адамзат тарихының ең маңызды белесі болатын.

622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясрибке («Мәдинәт ун-Нәби - Пайғамбар қаласы») көшіп барады. Мәдина қаласының Ауыс және Хазраж рулары ансарлар (көмекшілер) мухажирлерді (көшіп келушілер) құшақ жайып қарсы алды. Хижра – мұсылман күнтізбесінің басталуы, әлемнің мұсылман елдерінде осы Хижра күнтізбесі қолданылады.
Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарлардың мөрі Аллаһ елшісінің өсиеттерін, сөздерін, сахабалар ,табиғиндер болашақ ұрпақтарға жеткізді.