Қайрат. Қоймаймын.
Сәлім (Қайратты иығынан бүре түсіп). Жүр былай, екеуіміз еркектерше сөйлесеміз!
Қайрат (қаймықпай). Жүр-жүр! Көрейін мен сенің күшіңді!
Сәлима(шыр-пыр болып). Сәлім, қой! Қайрат, айналайын, сен де қой! Үлкен кісіні сыйла!
Сәлім (Қайратты итеріп жіберіп). Бар, көзіме көрінбе!
Қайрат (түсі бұзылып). Жоқ, бұл шалды жайратпай қоймаймын мен! Жуасыту керек екен мұны.
Сәлім.Әліңе қара! Сендейлердің талайын көргенмін мен.
Қайрат. Білемін. Сендер әскерде солдаттарға қоқиланған қораз болып, ойларыңа келгенді істеп үйренгенсіңдер. Ол әскер құрыған. Енді сен де біз сияқты жай адамсың.
Сәлім. Иә, адаммын. Әскерде ұстанғаным да, қазір ардақтайтыным да – адамгершілік.
Қайрат (кекетіп). Адамгершілік! Қолынан түк келмейтін адам ойлап тапқан сөз – ол.
Сәлім. Адамгершілік – арлы, иманды адам ардақтайтын асқақ сезім. Егер ол сенде жоқ болса, басқада бар. Мен енді саған Сәлиманы қорлауға бермеймін. Сендейлерді оспадарсыз дейді. Мен сенің әкеңнен үлкенмін. «Сіз» деп сөйлесең қайтеді?